Бір миллион теңгені жымқырған фармацевт істі болды

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы мамырдың 2-де Көкшетау қалалық ПБ кезекшілік бөліміне 32 жастағы жергілікті тұрғыны арызданып, қаладағы дәріханалардың бірінде түгендеу жүргізу барысында жетіспеушілік анықталғанын айтқан.

Келтірілген шығын сомасы 1 миллион 300 мың теңгені құраған. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 189 бабының 2-ші бөлігі «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция күдіктінің жеке басын анықтады.

«Ол осы дәріханада фармацевт болып жұмыс істеген 28 жастағы қала тұрғыны. Әйел бұрын сотталмаған. Ол өз кінәсін мойындады, жағдайды түсіндіріп,  дәрі-дәрмектерді сату туралы кассалық аппаратты тексеруді ұмытып кеткенін айтты. Келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Тергеу амалдары жүргізілуде», – деді ведомстводан.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар