Сапалы білім бере алатын жоғары оқу орны

Бүгінгі жастардың мамандық алуында жоғары оқу орындары үлкен рөл атқарады. Айналаңызға қарасаңыз, бүгінгі таңда жоғары білімге ұмтылмайтын ұл мен қыз жоқ деуге болады. Кейінгі кезде әйтеуір жоғары білім алсам болды деп кездейсоқ мамандықтардың жалына жармасатын жастар да бар. Олар сол алған мамандықтары бойынша жұмыс істегілері келмейді. Тек қалталарындағы көк дипломдарын малданып, басқа жұмыс орындарын іздейді.

Ал, мұның өзі дұрыс емес. Кез-келген жас өзінің көңілі сүйетін, болашақта осы мамандық бойынша жұмыс істеп, еліне пайдамды келтіремін дейтін кәсіпті ғана таңдағандары дұрыс. Міне, осы маңызды істе біздің оқу бітіріп жатқан жастарымызға Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті көмекке келе алады. Мұнда көптеген мамандықтар бойынша кез-келген мектеп түлегінің сапалы жоғары білім алуына барлық мүмкіндік бар және тиісті жағдай да жасалған. Мұнда осы ұл-қыздарымыздың тек қана белгілі бір мамандыққа қол жеткізіп қана қоймай, сонымен бірге, ой-өрісі кең, жан-жақты дамыған азамат болып қалыптасуына да кең жол ашылған.
Бүгінгі таңда аталған университет өзі беретін білімнің сапалылығы жағынан еліміздің ірі жоғары оқу орындарынан кем түспейді және солтүстік аймақтағы университеттердің арасында көшбасшылық орынға ие. Оқу орнында студент жастарға берілетін білім сапасын арттыру үшін жақын және алыс шет елдердің өзі тектес университеттерімен тығыз байланыс қарастырылған. Атап айтқанда, бірлескен білім бағдарламаларын игеру, қос дипломдық білім бағдарламасын іске асыру сияқты оң қадамдар өз жемісін бермей қоймауда. Айталық, соңғы бағдарлама Қазақстан мен Ресей арасында бакалавр, сондай-ақ, магистр үшін де қос дипломдық білім алуды қамтамасыз етеді. Біздің оқу орнымызды бітірген көптеген бакалаврлар магистратураға оқуға түседі.
Университет мемлекеттік оқу мен жоғары оқу орнының білім гранттары бойынша оқытуды жүзеге асырады. Сондай-ақ, оқудың ақылы түрі, күндізгі – қашықтықтан оқыту түрлері қатар жүргізіледі. Оқу озаттарына және қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытқан студенттерге Қазақстан Республикасы Президентінің, Ақмола облысы әкімінің, Абай Мырзахметовтың, университет ректорының және ұшқыш-ғарышкер Талғат Мұсабаевтың, университет профессоры А.Қазбековтың атындағы шәкіртақылар мен білім берудің мақсатты бағдарламалары бойынша жұмыс берушілердің гранттары тапсырылады. Сондай-ақ, жеңілдіктердің ыңғайлы жүйесі қарастырылған.
Университеттің бес факультетінде 12 кафедра бар болса, оларда 43 білім бағдарламалары бойынша білім беріледі. Соның ішінде 25 бакалавриат, 13 магистратура, 2 PhD-докторантурасы, 3 әскери есеп мамандықтары бағдарламалары бар. Әскери кафедрада оқу Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік гранты бойынша оқуға мүмкіндік береді. Оның бітірген түлектер әскери билет, сондай-ақ, запастағы лейтенант офицер шенін алады. Университет студенттеріне оқу орнының қабырғасында алаңсыз оқулары үшін барлық жағдай жасалған. 2015 жылы 360 орынға арналған алғашқы студенттер үйі пайдалануға берілсе, 2020 жылы 960 орынға арналған екінші студенттер үйі іске қосылды. Мұнда қалыпты тұрмыс үшін барлық жағдайлар жасалған.
Кітап қорына бай автоматтандырылған кітап қоры оқимын, рухани азықпен сусындаймын деген кез-келген студенті қажетті әдебиетімен қамтамасыз ете алады. Халықаралық процестерді оқып-үйрену орталығы, коворкинг орталығы, осы заманғы зертханалар да студенттер игілігінде. Оқу орнында студенттік өзін-өзі басқару ұйымы жұмыс істейді. Сондай-ақ, жастар жөніндегі комитет, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының «Өркен» жастар ұйымы, «Nur Otan» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының бөлімшесі, «Ділмәр КУАМ» интеллектуалды дебат клубының қазақ және орыс лигалары, көңілділер мен тапқырлар клубының қазақ және орыс лигасы командалары, «Саналы ұрпақ» студенттер клубы, студенттер парламенті, «Қайырымды жүрек» еріктілер қозғалысы, эстрада, хореография, хор, домбыра, театр, сәндік киім, көркемсөз бөлімдерінен тұратын шығармашылық студиялар, «Шұғыла-Көкшетау», баспасөз орталығы, 10 спорт секциясының бәрі де жастар игілігіне ашылып, құрылған. Бұл күндері Көкшетау қаласындағы ең таңдаулы мәдени және спорт орталықтарының біріне айналғалы отырған Студенттер сарайының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Онда Ақмола облысы олимпиада резервінің спортшыларын даярлайтын спорт орталығы және ең үлкен концерт залы орналасатын болады. Байқап отырғандарыңыздай, студент жастарымызға спортпен және шығармашылықпен айналысуларына барлық жағдайлар қарастырылып отыр.
Бұған қоса, біздің студенттеріміз Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында, Сыртқы істер министрлігінде, Ғарыш агенттігінде, Мәдениет және спорт министрлігінде, тағы басқа да осындай құзырлы органдарда іс-тәжірибеден өте алады. Мемлекеттік тиісті органдардың мәліметтері бойынша біздің университет өз түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші бойынша жыл сайын облысымызда ең жоғары орындардың бірінен көрініп келеді. Оның сыры оқу орнының аймақтағы және облыс орталығындағы ірі кәсіпорындармен осы мәселе жөнінен тығыз байланыс орнатып, бағдарлы жұмыс істеуінде жатыр. Сонымен бірге, университетте студенттік топтарда тәрбие жұмысымен айналысу үшін тәжірибелі педагогтардың арасынан жалақы төленетін кураторларды таңдап алу да ерекше бір жұмыс әдісі болып табылады.
Осының бәрін қорыта келгенде, біздің университетіміздің биыл мектеп бітіріп жатқан түлектерді жоғарыдағы мамандықтар бойынша өзіне оқуға шақыруына толық құзыреті бар екені көрініп тұр. Сондықтан, ертеңгі күнге өздерінің болашақ қадамдарын жасағалы тұрған жастар өкілдерін біздің университетке оқуға шақырамыз және бұған өкінбейтіндіктеріне кепілдік бере аламыз.

Динара КӘРІМОВА,
А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің
баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар