Өзіміз өмір кешіп жатқан Жер планетасы туралы не білеміз? Бар білеріміз: мектепте география пәнінде оқытқандай, жер домалақ шар іспетті, оның төрттен бірі құрлық болса, қалғанын су алып жатыр деген сияқты мағлұматтар ғана. Ал, дәстүрлі діндердің жер туралы түсінігі ғылымға мүлдем қарама-қайшы. Мәселен, ислам дінінде жер жалпақ табақ сияқты, ол көк өгіздің мүйізіне ілініп тұр, ал көк өгіз суда жүзіп жүрген тасбақаның үстінде тұр деген мазмұнда суреттеледі. Дегенмен, дәстүрлі діндердің жер туралы мұндай түсінігін бүгінгі ғылым миларын улаған жас ұрпақтың қабылдай қоймайтыны белгілі.
Жер домалақ па, әлде жалпақ па?
Соңғы кезде ғалымдардың өз арасында жердің формасы туралы кереғар пікір қалыптаса бастағаны байқалады. Ғылымның микробиология, квантты физика сияқты жаңа салалары дамыған сайын табиғат туралы түсінігіміз күрт өзгере бастады. Енді міне, жердің формасына қатысты түсінікті де қайта қарайтын заман келгендей. Ғалымдардың арасында бұрынғыдай жер домалақ шар іспетті дегенге қарсы шығып, оны жалпақ табақ тұрпатты дейтіндер шыға бастады.
Жер ғана емес, ғарыш туралы түсінік те ақырындап өзгеруде. Алыстағы ғаламшарлар мен жұлдыздарды былай қойғанда, дәл жанымызда қалқып жүрген Ай туралы да жетімді ештеңе білмейді екенбіз. Айдың жерге көрінбей айналатын көлеңке жағында не бар екендігі туралы талас басқа емес, астроном ғалымдар арасында шиеленісе түскен жайы бар. Айды планета емес, қолдан жасалған жасанды ұшқыш кеме дейтіндер де табылуда. Айдың іші қуыс, онда алып ғаламшарды қозғалысқа келтіріп тұрған қуатты двигатель жұмыс істейді және ішкі қуысты бізге беймәлім өркениет иелері мекен етеді дейтін түсінік те бар.
Астроновтар түсірген айдағы суреттердің құпия сыры әлі күнге дейін ашылмай отыр. Тіпті, Айда Мұхаммед, Иса пайғамбарлардан бастап Эйнштейн сияқты атақты ғалымдардың суреттері салынған үлкен тас тақта барлығы қазір жалпақ жұртқа құпия болудан қалды. Ол тақтаға суретті кімдер салған және не үшін? Бұл – жұмбақ.
Жер туралы ведалық түсінік
Шримад Бһагаватам кітабында жер туралы жан-жақты баяндалған арнайы бөлім бар. Жер планетасының ежелгі атауы – Джамбудвипа екен. Ол тоғыз аралдан тұрады. Аралдардың арасы сумен және шеткі жағы биік таулармен қоршалған. Бүгінде біз мекен ететін және Жер планетасы деп ат қойған жеріміз – шындығында Бхарата варша деп аталатын Джумбудвипа ғаламшарының бір аралы ғана екен.
Ал, сонда басқа аралдар қайда, оны біз неге көрмейміз? Бұл сауалдың жауабы – адамның санасының ластануына байланысты оның қоршаған ортаны қабылдау мүмкіндігінің шектелуімен түсіндіруге болады. Ол аралдар ешқайда жоғалып кеткен жоқ, бірақ біз оны көре алмаймыз және қабылдай алмаймыз.
Тибеттің бір түкпірінде Шамбала атты қиял-ғажайып қала барлығы туралы әңгімені сол өңірге саяхат жасаған Блаватская, Рерих сияқты орыс саяхатшы ғалымдары ертеде айтып кеткен. Сол аймақта тұратын адамдардың арасында тылсым қала – Шамбала туралы әңгіме атам заманнан бар. Шамбаланы іздеп табамыз деп саяхатқа шыққандар аз болмаған.
Солардың бірі – ағылшын саяхатшысы Тибеттің биік тауларында қалың тұманға тап болып, одан шыққан кезде таңғажайып шахарды көреді. Ол шахарда бірнеше күн болады. Онда саяхатшы өмірі көрмеген ғажайыптарды көрген, тіпті басқа ғаламшарларға ұшатын ғарыш кемелерін де көреді. Яғни, ол жоғары дамыған өркениетті тіршілік иелері тұратын мекен болған сияқты.
Дегенмен де, саяхатшы кейін қайтып оралған соң, өзі тапқан елді мекенге қайта барғанында шахардың өзін де, ізін де таба алмай дал болады. Ол сол аумақты қанша сабылып іздегенімен, елсіз таудан басқа ештеңе көре алмайды. Бұндай ғажайып жайлар ара-тұра болып тұрған. Яғни, Шамбала шахары өзге өлшемдегі жер бетіндегі ғажайып мекен болса керек.
Шримад Бһагаватамда сондай-ақ, Айда, тіпті Күнде де тіршілік бар екендігі айтылады. Кітаптың кейіпкерлерінің бірі Шукадева Госвами Айға және Күнге сапар шегіп, сол ғаламшарларда біраз уақыт тұрған. Ал, бүгінгі ғылым үшін Ай да, Күн де тіршілік атаулыдан ада елсіз ғаламшарлар. Ондағы елді мекендер мен тіршілік иелерін көру, араласу үшін де біздің санамыз жоғары өлшемдерді қабылдай алатын деңгейде болуы тиіс.
Мысалы, сіздің теледидарыңыз бірнеше еркін телеканалдарды ғана көрсетеді делік. Бұған қарап, басқа телеканалдар жоқ деуге болмайды. Егер сіз арнайы желілік құрылғыны қоссаңыз, онда теледидарыңыз ондаған, тіпті жүздеген каналдарды көрсете бас-
тайды. Сол сияқты, жанымыздағы уақыт өлшемі шымылдығымен бүркелген елді мекендер мен тіршілік иелерін көргіміз келсе, санамызды жоғары деңгейге көтеруіміз шарт. Қазақ аңыздарында айтылатын жын-пері дегендер сол параллель әлемдерде тірлік кешетін тіршілік иелері екендігі анық. Ертеде адамдар олармен қоян-қолтық араласып, бірге өмір кешкен. Содан кейін, адам санасы ластанған кезде, ол тіршілік иелерін көруден, сезінуден қалған. Осылайша ғылым шарықтап дамыды деп күпініп жүрген біздер басқа түгілі, өзіміз өмір кешіп жатқан Жер ғаламшары туралы да жарытып ештеңе білмейтін болып шықтық.
Қалкөз ЖҮСІП.