Ақмолалық оқушылар «Мың бала» ұлттық олимпиадасының жеңімпазы атанды

Ақмола облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» ұлттық олимпиадасы жеңімпаздарының есімдері жарияланды. Олардың арасында 51 ақмолалық оқушы да бар.

«Мың бала» ұлттық олимпиадасы ауылдық жерлердегі неғұрлым қабілетті оқушыларды анықтау, қолдау және оларға арнайы оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру арқылы әлеуметтік лифт беру үшін өткізіледі.

Жоба жыл сайын ауылдық жерлердегі бесінші және алтыншы сыныптардың ең қабілетті 1000 оқушысын анықтап, оларға өз құрдастарымен табысты бәсекелесе отырып, еліміздің үздік мектептерінде білім алуға мүмкіндік береді. 2021 жылы 24 ақпан мен 27 наурыз аралығында ауыл мектептерінің оқушылары арасындағы «Мың бала» ұлттық олимпиадасына қатысуға өтінімдер қабылданды. Ақмола облысынан 7163 өтінім келіп түсті, оның 6486-ы тестілеуге жіберілді.

Олимпиаданың қатысушылары бірінші кезеңнің кешенді тестілеуін таңдауы бойынша: қашықтан онлайн режимінде немесе жергілікті білім беру органдары ұсынған арнайы жабдықталған үй-жайларда өте алды. 2021 жылғы 2-10 сәуір аралығында Ақмола облысының 6486 оқушысы бірінші кезеңге қатысып, логикалық және кеңістіктік ойлауды бағалау бойынша тестілеуден өтті. Тестілеу Елбасы академиясының платформасында онлайн форматта өткізілді.

Тестілеу қорытындысы бойынша екінші кезеңге Ақмола облысының 263 оқушысы өтті. Екінші кезең 2021 жылғы 5 мамырда барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, «U-Study» өңірлік тестілеу орталықтарының базасында офлайн-режимде өткізілді. Финалистер математикалық сауаттылық, қазақ тілінде оқытылатын оқушылар үшін қазақ тілі, орыс тілінде оқытылатын оқушылар үшін орыс тілі, ағылшын тілі және жаратылыстану ғылымдары бойынша академиялық білімді бағалауға компьютерлік тестілеуден өтті.

Олимпиаданың қорытынды кезеңі бойынша Ақмола облысынан 51 оқушы жеңімпаз атанды. Олардың ішінде-бесінші сыныптардың 27 оқушысы, алтыншы сыныптардың 24 оқушысы бар. Ең жоғары нәтижелерді Шортанды ауданы мен Біржан сал ауданының оқушылары көрсетті. «Алтыншы сыныпты бітірген олимпиада жеңімпаздары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің квоталарына сәйкес «Білім – инновация» лицейлері мен «Дарын» мектептерінде білім алуға мүмкіндік алады. Алтыншы сыныпты бітірген олимпиада жеңімпаздары 8-16 маусым аралығында мамандандырылған мектептерге өтініш беруі керек.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар