Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«АЛЖИР» қасіреті ұмытылмайды - АРҚА АЖАРЫ

«АЛЖИР» қасіреті ұмытылмайды

Өткен ғасырда тарих қойнауына енген 30-40-ыншы жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргін миллиондаған адамға қайғы-қасірет әкелгені белгілі. Қазақ халқының қаншама айтулы перзенттері осы зобалаңның айықпас құрбандарына айналды. Міне, осынау қасіретті күннің құрбандарын еске алу күні алдымен, өңіріміздегі қаралы «Алжир» ойға оралары сөзсіз.

Бұл лагерьден ертеректе жұрт «азап аралы» деп шошыған болса, қазіргі таңда оның орнында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені орналасқан. Мұны қуғын-сүргін құрбандарына қойылған бірегей ескерткіш деуге болады. Кешен «Сталиндік вагон», «Қасірет қақпасы» монументінен, «Түңілу мен әлсіздік» және «Күрес пен үміт» атты мүсіндік композициялардан, тікенек сымды лагерь қоршауы мен күзет мұнарасынан, «Көз жасы» стелласынан, «Зерде» қабырғасынан, тұтқын әйелдер тұрған барак пен «АЛЖИР» тұтқындарын балаларынан айыру» диорамасы секілді бірнеше бөлімнен тұрады.

Мұражай жәдігерлері екі қабатқа қойылған, алғашқы «Алаш» залы экспозициясы Қазақстанның патшалық Ресей империясы құрамына кіргеннен басталатын Кеңестік кезеңді, 1937 жылдағы жаппай қуғын-сүргінді көз алдымызға әкеледі. Бұл бөлімде тарихтан сыр шерткен мұрағаттық құжаттар, фото-бейне материалдар, жауап алудың хаттамалары, ату жазасына кескен бұйрықтар, қуғын-сүргінге ұшырағандардың жеке істерімен таныс боламыз. «АЛЖИР тұтқындары» деген екінші зал лагерьдің тарихы мен жазықсыз қамалған әйелдерге арналған. Онда олардың өмірі туралы деректер, отбасылық суреттер және жеке заттары мен өздері жасаған бұйымдары қойылған.

Бүгінде «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені қызметкерлері келушілерді «Қасірет қақпасы» монументінен бастап, тар қапастағы бақытсыз әйелдердің тағдыры туралы, жалпы, «АЛЖИР» лагерінің қасіретті тарихынан сыр шертетін құнды жәдігерлермен жан-жақты таныстыруды әдетке айналдырған. Сонымен қатар, келушілерге «Отанын сатқандардың әйелдерінің Ақмола лагері» (АЛЖИР) атауымен 1937 жылы құрылған түрменің сыз барактарында өмірлерін азаппен өткізген саяси қуғын-сүргін құрбандарының, олардың ұрпақтарының естеліктерінен тұратын деректі фильм көрсетіледі. Жалпы, мұражай кешенінде терезелер жоқ. Жарық төбедегі атриумнан түседі.

«АЛЖИР» мұражайы 2007 жылы ашылған. Ол лагерь тұтқындары отырғызған алма бағының орнында орналасқан. Лагерьдің өзі, барактар, тігін фабрикасы және аурухана қазіргі Ақмол ауылының аумағында болған. Лагерьге 18 мыңға жуық адам қамалған. Бүгінгі таңда бізге белгілі мәліметтер бойынша жеті мыңнан астамы өз мерзімдерін толық өтеген. Олардың есімдері Еске алу қабырғасында жазылған. Кейбір мемлекеттердің елшіліктері түрлі ұлт өкілдерін есте сақтаудың құрметіне естелік плиталар орнатқан. Өйткені, лагерьде бүкіл КСРО-дан 62 ұлт өкілдері жазасын өтеген. Мұражайдың жанындағы кішкентай барактың көшірмесі келушілер мен туристердің үлкен қызығушылығын тудырады екен. Осы тұрғыда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің директоры, «Құрмет» орденінің иегері Самат Тергембаевты телефон арқылы әңгімеге тарттық.

– Мұражайға көбіне жаз мезгілінде, осы мамыр айынан бастап келушілердің саны көбейеді. Жалпы, оны өткен жылдары, коронавирус пандемиясының бас-талуына дейін 30 мыңнан астам адам келіп тамашалаған. Былтыр карантиндік шаралардың басталуымен келушілер саны азайғаны белгілі. Кей уақыттарда мұражай мүлде жабық болды. Биылғы жылы қайтадан келушілер саны арта түсуде. Көбіне шетелдік туристер келеді. Оларды әсіресе, репрессия тақырыбы, алжирлік әйелдер туралы қилы мәліметтер қызықтырады. Соны білгісі келеді. Келушілерге біздің төрт экскурсоводымыз қызмет көрсетеді. Олар қазақ, орыс, ағылшын, украин, қытай тілдерінде экскурсия жүргізеді, – дейді мұражай директоры.

Самат Ілиясұлы кешеннің алдағы жұмыс жоспарлары туралы да әңгіме өрбітті. Алдағы уақытта «Алжир балалары» деген экспозиция залын жасауды ойластырған кешен қызметкерлері мұражай аумағының кеңдігіне орай, болашақта әкімшілік орынды жеке салғызуды да мақсат тұтып отыр. Жалпы, «АЛЖИР»-де жазықсыз жазасын өтеп жатқан әйелдер сол жерде үлкен алма бағын, әсіресе, малинаны көптеп отырғызған. Өйткені, аш-жалаңаш, әл-дәрмені жоқ, аурушаң әйелдер мен балалар үшін малинаның емдік қасиеті өте зор болған. Содан келіп, ауыл Малиновка аталып кеткен екен.

– Біздің мұражай қызметкерлерінің алға қойған үлкен жоспарларының бірі осы алма бағы мен малина бағын мүмкіндігінше қайта қалпына келтіру. Оған қоса, «Алжир аналарының ізімен» деген туристік бағдарламаны кеңейту керек болып отыр. Лагерь әйелдері қыстың көзі қырауда Жалаңаш көлінің жағасынан қарды омбылап жүріп, әрқайсысы он, жиырма баудан өздерінің барақтарын жылыту үшін отын тасыған. Сол көлдің жағасында тас үй бар. Ол бұрыннан сақталып қалған, соны қалпына келтіріп, туристік бағдарламаға енгізсек, – деген Самат Ілиясұлының орамды ойлары көңілге қонады.

Сонымен қатар, Ақмол ауылында «АЛЖИР» тарихын зерттейтін «Жас музейшілер» клубы да құрылған көрінеді. Жалпы, болашаққа осындай үлкен бағдарламаларға қадам басқан мұражай қызметкерлеріне, осының бәрін жүзеге асыруда қаржы мәселесі оңынан шешілсе деген ниеттеміз. Сондай-ақ, кешен директорының айтуынша, шетелге шығу да жоспарларының бір парасы екен. Өйткені, «АЛЖИР»-де жазасын өтегендердің көбі өзге ұлттың өкілдері болғандықтан, олардың ұрпақтары Израиль, АҚШ, Ресейдің көптеген қалаларында, Әзірбайжан, Арменияда тұрады. Бүгінде олармен онлайн, әлеуметтік желілер арқылы хабарласып тұратын мұражай қызметкерлері онлайн лекцияларды жиі жүргізеді.

Оған қоса, басқа да мұражайлармен меморандумға отырып, бірлескен іс-шаралар өткізіп тұрады. Ал, елімізде қауіпті індет басталғаннан бері онлайн шаралар жүйелі қолға алынған. Өйткені, ішкі туризмді дамыту тұрғысында облыс орталықтарынан, мектептерден келе алмаған күнде осы олқылықтың орнын онлайн түрінде экскурсия жүргізумен толтыруға болады.

Дәл осы аптада мұнда әрбір күн қарбаласқа толы. Мемлекет қайраткерлерінен бастап қатардағы қазақстандықтар, шет ел азаматтарына дейін саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай, сол бір азапты кезеңнің бар тақсыретін осы «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені арқылы ой елегінен өткізгісі келеді. Иә, ауыр да қасіретті тарих іздері әрбір келушінің жанын жаралап өткендей.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар