Қазақстан БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңесі құрамына сайланды

7 маусым күні өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 73-ші пленарлық отырысында Қазақстан БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің (ЭКОСОК) құрамына 2022-2024 жылдарға сайланды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кеңес БҰҰ-ның экономикалық, әлеуметтік және экологиялық қызметін үйлестіруге жауапты негізгі орган және осы салалардағы өзекті проблемалар бойынша шешімдерді ілгерілетуге арналған орталық алаң болып табылады. «Қазақстан ЭКОСОК-та жаһандық Орнықты даму саласындағы мақсаттарды тиімді іске асыру және Орталық Азиядағы неғұрлым маңызды гуманитарлық проблемаларды шешу үшін халықаралық қаржы және сауда ұйымдарымен ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдесуге ниетті.
Кеңеске мүшелік Қазақстанға экономика, әлеуметтік сала және мемлекеттік басқару реформаларын жүзеге асыру мақсатында табысты әлемдік тәжірибені тартуға да ықпал ететін болады», – делінген ҚР СІМ хабарламасында.
Мәлім етілгендей, дауыс беру қорытындысы бойынша БҰҰ ЭКОСОК мүшелігіне АҚШ, Ауғанстан, Белиз, Бельгия, Италия, Канада, Кот-д’Ивуар, Маврикий, Оман, Перу, Танзания, Тунис, Үндістан, Хорватия, Чехия, Чили және Эсватини өтті. «Қазақстанның кандидатурасын 180 мемлекет қолдады. Бұған дейін Қазақстан БҰҰ ЭКОСОК құрамына 2007–2009 және 2014–2016 жылдар кезеңіне екі рет сайланды», – деп нақтылады сыртқысаясат ведомствосынан.
Дереккөз: www.inform.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар