Целиноград ауданында 43 жастағы әйел суға батып кетті

Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жазатайым оқиға маусымның 8-де сағат 13:00-де Целиноград ауданы Отаутүскен ауылының маңында Нұра өзенінде балық аулау кезінде орын алған.

«Өзен жағасында жүргенде қызы анасынан рұқсат сұрап, суға шомылмақшы болады. Алайды, судың ағымы қызды алып кетеді. Мұны көрген анасы қызын құтқаруға ұмытылады, бірақ қатты ағым 43 жастағы әйел өзі суға  батып кетті», – деді ведомстводан.

Ал, жағадағы өсімдіктің бұтағына жармасқан он жасар қыз жан ұшырып көмек сұраған. Оны Отаутүскен ауылының 65 жастағы тұрғыны Павел Федоренко естіп, қызды құтқарып қалды.

«Оқиға орнында Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жұмыс істеді, олар кешкі сағат 19:30 шамасында әйелдің денесін тапты», – деп толықтырды ведомстводан.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар