Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қоқыстан арылудың тиімді жолы - АРҚА АЖАРЫ

Қоқыстан арылудың тиімді жолы

Үкіметтің бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Экология министрлігі елді мекендердің айналасындағы қоқыс полигондарымен айналысуы керектігін, сондай-ақ, рейдтер жүргізудің, айыппұл салудың және экологиялық айлықтардың нәтижесі аз болатынын атап өткен болатын.

Қазақстандағы осы проблеманың жағдайын бақылау үшін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі арнайы сенім телефонын өткен жылы іске қосқан еді. Бүгінгі күні Көкшетау мен Степногорск қаласында, Целиноград, Бурабай, Шортанды, Ақкөл, Аршалы, Зеренді, Ерейментау, Астрахан, Бұланды, Қорғалжын аудандарында тұратын азаматтардан бейберекетсіз қоқыстар жөнінде 115 шағым келіп түсті. Осы шағымдардың 75-і бейберекетсіз үйінділерге, 40-ы толып кеткен контейнерлерге қатысты.

Азаматтардан келіп түскен шағымдар «Жедел желі» өтініштер тізіміне тіркеледі. Бұған Ақмола облыстық экология департаментінің бас мамандары тиісті шаралар қолданады. Жедел желінің +7 (775) 952-49-00 нөміріне телефон шала аласыз. Whatsapp мессенджері арқылы аталған нөмірге Ақмола облысының тұрғындары өз қаласындағы немесе ауылындағы стихиялық қоқыстар туралы ақпаратты фотосурет пен бейнетүсірілім арқылы растай отырып, жібере алады.

Бұл жергілікті жерлердегі қоршаған ортаны қорғау саласындағы жағдайды бақылауға және жедел шаралар қабылдауға, соның ішінде заң бұзушылықтарды болдырмауға мүмкіндік береді.

Гүлнәз ТҰЙҒЫНОВА,
Ақмола облыстық экология департаментінің бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар