Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Сыбаға» бағдарламасының септігі зор - АРҚА АЖАРЫ

«Сыбаға» бағдарламасының септігі зор

Қазіргі таңда өз кәсібімді ашамын дегендерге кең қолдау бар. Әсіресе, ауылдағы ағайынға мемлекеттік бағдарламалар аясында түрлі жеңілдіктер қарастырылған. Жаңа бизнес идеяларды іске қосуға арналған бағдарламалар жұмыссыздық деңгейін біршама төмендеткені рас.

Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының деректеріне зер салсақ, өңірімізде 465 мыңнан астам ірі қара бар. Мамандардың айтуынша, ірі қара саны өткен жылмен салыстырғанда 4 есе көбейген. Олардың 70 мыңға жуығы асыл тұқымды. Жыл өткен сайын асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарының қатары да көбейіп келеді. Айталық, өткен жылдың өзінде мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге 6,5 миллиард теңгеден астам субсидия бөлінген.

Мал баққанға бітеді. Бүгінде бейнеттен береке тауып, өз кәсібін дөңгелетіп отырғандар саны күн санап артуда. Солардың бірі – Жақсы ауданына қарасты Жаңақима ауылдық округінің Запарожье ауылындағы «Алтай» шаруа қожалығының басшысы Мұрат Алшынбаев. Ол ата кәсіппен көптен бері айналысып келе жатқанымен, мал басын асылдандыру ісіне биылдан бастап ден қойған. Таяуда Мұрат Алшынбаев «Сыбаға» бағдарламасы арқылы жеңілдетілген несие алып, етті бағыттағы 30 бас «Герефорд» асыл тұқымды сиыр сатып алды. Алдағы жылдары қолда бар ірі қараның барлығын асыл тұқымды ірі қара малмен алмастырсам ба деп жоспарлап отыр. Яғни, ойға алған жоспары жүзеге асса, мал басын 100-ге жеткізбек ниеті бар.

– Қазіргі жастардың өзі мал шауашылығы пайда көзі екендігін түсінгендей. Осыдан бес-алты жыл бұрын елдегі ағайын қара шаңырақтарын тастап қалаға үдере көшкен бір үрдіс пайда болып еді. Ендігі орайда қаладағы ағайынның өзі ауыл тәрбие көзі ғана емес, байлық пен дәулеттің бастауы екендігін түсініп жатқандай. Алайда, еңбектенбесеңіз, ештеңе болмайтынын ұғынғанымыз абзал. «Еңбек – ердің сәні» деген қазақ халқымыз. Қара жұмыстан қашпау керек. Адал еңбектің наны тәтті емес пе? Оның үстіне Үкімет тарапынан зор қолдау болып жатқанда үйде қол қусырып жату жақсылықтың нышаны емес, –дейді шаруа қожалығының басшысы Мұрат Алшынбаевтың өзі.

Оның айтуынша, кәсібін өркендетуге «Сыбаға» бағдарламасының септігі зор болған. Етті сиырлардың бір басын ол 500 мың теңгеге сатып алған. Соның 150 мыңын Үкімет кері қайтарады. Сонымен қатар, мал сатып алуға алты пайыз жеңілдікпен несие беріледі екен. Сондай-ақ, фермерлерге машина-трактор паркін жаңартуға, мал азығын сатып алуға мүмкіндіктер қосымша қарастырылған.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Жақсы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар