Індеттің таралуы төмендеп келеді

Ағымдағы жылдың 14 маусымындағы жағдай бойынша облыста COVID-19 қауіпті індеті 23184 адамнан зертханалық жолмен анықталып, тіркелген. Өткен бір тәулік ішінде коронавирус пандемиясын 43 адамның жұқтырғаны анықталса, бұл тәулігіне өсу санының 0,2 пайызға төмендегенін байқатты.

Өңірімізде бүгінге дейін тіркелген 23184 жағдайдың 16595-і симптомды болса, 6589-ы қауіпті вирусты тасымалдаушылар.
Соңғы аптаның ішінде яғни, 2021 жылдың 7-13 маусым аралығында COVID-19-дан 359 жағдай анықталса, өткен аптадағы тіркелген 529 адамға қарағанда қауіпті індеттен ауырғандар саны апта ішінде 1,5 есеге төмендегені байқалады.

Ал, соңғы бір тәулікте коронавирустан зертханалық жолмен 43 адамның ауырғаны расталған. Оның 29-ы қауіпті індетті жұқтырған болса, 14 адам ауруды тасымалдаушылар. Сөйтіп, ауырғандар тәулігіне 0,2 пайызды құрап отыр. Осылайша. облыс бойынша соңғы тәулікте 36 жағдай ересектер арасында тіркелсе, жетеуі 14 жасқа дейінгі балаларда анықталып отыр.

Қауіпті індеттің 11-і Көкшетау қаласына тиесілі болса, тоғызы Бурабай, сегізі Целиноград, алтауы Аршалы, төртеуі Жақсы және Біржан сал аудандарынан, ал, біреуі Степногорск қаласынан анықталып, тіркелген. Осыған қарап, бағамдар болсақ, қауіпті індеттің мүмкіндігінше жұғу қаупі төмендегені көңіл қуантады. Сондықтан, әлі де сақтық шараларын жалғастыруды тоқтатпай, коронавирустың біртіндеп жойы-луына әрқайсымыз өз үлесімізді қосайық.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар