Өңірде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Менің Отаным – менің Қазақстаным» сәндік-қолданбалы өнер шеберлері мен қолөнершілерінің облыстық байқауының аудандық кезеңдері жалғасуда, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы. Бүгін шығармашылық шара Астрахан ауданында өтті.Байқауға жергілікті шеберлердің ағаштан, фетрден, кестелеуден, киіз басудан, тоқудан және басқа да бұйымдардан жасалған ерекше және жарқын жұмыстары ұсынылды.
Байқауға қатысушыларды «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Ермек Нұғыманов, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Күләш Рахымжанова, облыстық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл, Астрахан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағынай Сейітжанов әділқазылар алқасы бағалады.
«Әр көрме бізді ондағы жұмыстардың әсемдігімен, әр түрлі түрлерімен, орындау техникасымен және бұйымдар жасалған материалдармен таң қалдырады. Сәндік-қолданбалы өнер шеберлері өз композицияларында халқымыздың бай көпұлтты мәдениетін көрсетті, Отанға деген патриоттық сезімдерін, Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жетістіктерін көрсетуге тырысты», – деп атап өтті қазылар алқасының мүшелері.
Байқау қорытындысы бойынша Астраханка ауылының тұрғыны, тоқу бойынша түрлі жұмыстарды ұсынған Валентина Фомичева Гран – при иегері атанды.
Іс-шара соңында өңірдегі бірлік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін «Қоғамдық келісім» КММ басшысының Алғыс хаттарымен ауданның бірқатар белсенді тұрғындары марапатталды.