Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттік қызмет балалар көзімен - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттік қызмет балалар көзімен

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күні мерекесі қарсаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшілердің балалары арасында «Менің ата-анам – мемлекеттік қызметші» тақырыбында суреттер байқауын ұйымдастырды.

Барлығы 31 жұмыс ұсынылды. Байқаудың әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін қазылар алқасының құрамына дизайнер және суретші, Көкшетау қаласының «Гранат» шығармашылық студиясының жетекшісі кірді.

Жұмыстарды талқылау барысында қазылар алқасы қатысушылардың белсенділігін және шығармашылық қабілеттерін атап өтті, себебі балалар өз суреттерінде туған жерге, ата-аналарына деген сүйіспеншілігін білдіруге, олардың мемлекеттік қызметтегі жұмысын жарқын бейнеде сипаттауға тырысты.
Байқау қорытындысы бойынша І орынды Айым Дүйсембаева иеленді. ІІ орын Валерия Хлыстоваға, ІІІ орын Күлше Мәженоваға берілді. Сондай-ақ «Үздік идея» номинациясы Сезім Әсетқызына және «Ең эмоционалды сурет» номинациясы Айлин Әлімоваға берілді.

Байқауға қатысушылардың суреттері түрлі техникалар мен стильдерде орындалды. Әрбір жұмыс қатысушылардың мемлекеттік қызметтің мақсаттарын қалай қабылдайтынын көрсетіп, олардың дүниетанымын ашып көрсетті. Көптеген қатысушылар өз таланттарының жаңа қырларын көрсете алды. Мысалы, Сезім Әсетқызы әке-шешесін күн сайын адамдарға көмектесіп, ерлік көрсететін «Супермен» және «Чудо женщина» бейнесінде суреттеген.

Байқаудың тағы бір қатысушысы Айлин Әлімова да өз атасын мемлекеттік қызметке, яғни жұмысына шығарып салып жатқанын суреттеді. Оған қоса кейбір балалар ата-аналарының үйдегі және жұмыстағы өмірін бірге бейнелеп көрсете алды.
Байқау жеңімпаздары дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады. Сонымен қатар, барлық балалардың суреттері Департамент ғимаратындағы стендке ілінетін болады.
Осындай іс-шаралар мемлекеттік қызметтің имиджін арттыруға, сондай-ақ өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеуге ықпал етеді.

Жазира Тоқтар, ҚР МҚІА Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар