Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмолалық ғалымдар бидайдың жаңа сортын әзірлеуде - АРҚА АЖАРЫ

Ақмолалық ғалымдар бидайдың жаңа сортын әзірлеуде

Шортанды ауданындағы А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының мамандары бидай және өзге де ауыл шаруашылығы дәнді-дақылдарының жаңа сортын әзірлеуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз туралы барысында белгілі болды.

А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы бидайдың жаңа сорттарын жасау, оларды көбейту және өндіріске енгізу бойынша 65 жыл жұмыс істеп келеді. Осы уапақты аралығында дәнді дақылдардың көптеген түрлерін әзірлеп шығарды. Соңғы жылдары орталық селекционерлері бидайдың жаңа сорты – «Таймас» бойынша жұмыс істеп келеді.

Орталықтың бөлім меңгерушісі Әділхан Бәбкеновтің айтуынша, бидайдың бұл сорттарын Ақмола алқаптарына 2-3 жылдан кейін егуге болады. «Таймас» жаңа сорттары 90-95 күнде піседі. Ол жоғары өнімділікпен және құрғақшылық пен ауруларға төзімділікпен сипатталады. Қазіргі кезде сорт тек әзірленіп, сынақтан өтуде. Аталмыш бидай сортын әзірлеу үшін шамамен 15 жыл уақыт кететін көрінеді.

– Жаңа сорт будандастырылған уақыттан бастап өндіруге дейін шамамен 15 жылды қажет етеді. Бірақ биотехнология мен гендік инженерияның заманауи әдістерінің арқасында біз бұл мерзімді 7-8 жылға дейін қысқартқымыз келеді, – дейді Әділхан Бәбкенов.

Айталық, жаңа сорт «Шортанды-14» және «Шортанды-2012» сипаттамалары бойынша төмен болмайды. «Шортанды-2012» сияқты жаңа сорттар, орташа ерте пісетін түрі. Ең жоғары өнімділік қолайлы жылдары гектарынан 33 центнерді құрайды. Бидайдың бұл жаңа сұрыптары бұзылмайды және ұзақ сақталатындығымен ерекшеленеді. Сондықтан да ауыл шаруашылығы саласында кеңінен танымал.

Жалпы, А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының сорттары 2,6 миллион гектар егіс алқаптарына егілген.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар