Барлық өңірлерде іске асырылатын жоба

Жуырда Шортанды кентіндегі №1 жалпы білім беретін орта мектепте есте қаларлық оқиға болып өтті.

Атап айтқанда, мұнда әлемдік Гиннестер рекордтар кітабына енген, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ресми елшісі, Ақмола облысы әкімінің дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Сергей Цырульниковтың бастамасымен, сондай-ақ, «Сәтті жұлдыз» ұлттық лотереясының қолдауымен үстел үстіндегі зияткерлік ойындарға арналған тағы да бір зияткерлік құрылыс сыныбы ашылды.

Жобаның мақсаты ауыл тұрғындары арасында шахмат, тоғызқұмалақ сияқты үстел үсті зияткерлік ойындарын дамыту, балалар мен ересектердің бос уақытын тиімді өткізу, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтендіру болып табылады.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Балалар мен жастардың денсаулығын нығайту үшін дамыған және қолжетімді спорттық инфрақұрылымның болуы аса маңызды» деген сөзі басшылыққа алына отырып, таяу арада Сергей Цырульниковтың бастамасымен осындай жоба барлық өңірлерде іске асырылатын болып отыр.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

 Шортанды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар