Індет жұқтырушылар әлі де бар

Ағымдағы жылдың 15 маусымындағы жағдай бойынша облыста COVID-19 қауіпті індеті 23252 адамнан зертханалық жолмен анықталып, тіркелген. Өткен бір тәулік ішінде коронавирус пандемиясы 32 адамнан анықталған. Өңірімізде бүгінге дейін тіркелген 23252 жағдайдың 16646-сы қауіпті індетпен ауырған болса, 6606-сы осы вирусты тасымалдаушылар. Ал, берілген статистикаға сәйкес 109 адам осы індеттен көз жұмды.

Облыс бойынша ересектер арасында тіркелген 20701 жағдайдың 2551-і 14 жасқа дейінгі балаларда кездесіп отыр.
2020 жылы COVID-19-дан зертханалық жолмен расталған 7 247 жағдай тіркелсе, ағымдағы жылы қауіпті індетпен ауырғандар саны 16005-ке жеткен. Ал, маусымның алғашқы екі аптасында 877 адам індет жұқтырған.

Соңғы бір тәулікте коронавирустан зертханалық жолмен 32 адамның қауіпті індетпен ауырғаны расталды. Оның
26-сы індетті жұқтырғандар болса, алты адам ауруды тасымалдаушылар. Сөйтіп, ауырғандар тәулігіне 0,1 пайызды құрап отыр.

Қауіпті індеттің 10-ы Целиноград ауданында, тоғызы Бурабай, жетеуі Бұланды, төртеуі Ерейментау аудандарына тиесілі болса, Сандықтау мен Жарқайың аудандарында бір-бірден тіркелген. Ал, осы пандемиядан мектеп оқушылары арасында соңғы бір тәулікте аурудың тағы үш жағдайы тіркелген. Нақтырақ айтсақ, Целиноград ауданында екі, Ерейментау ауданында бір жағдай анықталып отыр. Оның ішінде біреуі тұрақты, яғни, оффлайн болса, екеуі онлайн режимінде зертханалық жолмен анықталған.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар