Аршалы ауданында 17 елді-мекенге газ тартылады

Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Азамат Таласбаевтың айтуынша, ауданда газ тарату стансасы мен құбырларын тарту жұмыстары жалғасуда.

«Автоматты газ тарату станциясы «Сарыарқа» газ құбырына қосылады. Аршалы ауданындағы 17 елді мекенді газдандыру жоспарлануда. АГРС аяқталу сатысында, шілде айында пайдалануға береміз. Бірақ бұл газ биыл болады деген сөз емес. Әлі алда жұмыстар көп», – дейді Азамат Таласбаев.
Оның айтуынша, газ барлық жобалар аяқталғаннан кейін ғана беріледі.

«Аршалының өзін газға қосу 2022 жылы, ал Жібек жолы кентін 2023 жылы қосу жоспарлануда. Барлығы қаржыландыруға сәйкес жүзеге асырылады. Жалпы, ауданда 20 мыңнан астам абонентті бірорталықтандырылған газ жүйесіне қосу жоспарланған», – деп түйіндеді бөлім басшысы.

Еске сала кетейік, аудан әкімдігінің мәліметінше, Аршалы ауданды облысымызда алғашқылардың бірі болып «Сарыарқа» газ құбырына қосылады. Қазіргі кезде, аудан бойынша 1700 метр полиэтилен құбыры төселіп, 750 тірек орнатылған.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар