Интервьюерді қалай таңдауға болады

2021 жылғы Ұлттық санақты жүргізу жұмысына 32 мыңнан астам адам тартылатын болады. Интервьюер қызметіне бастамашыл, жауапты, коммуникабельді, компьютерде жұмыс жасай алатын 18 жастан асқан Қазақстан азаматтары үміткер бола алады.

Интервьюердің міндетіне еліміздің қалалары мен ауылдарындағы үй шаруашылықтарын жаппай аралау кіреді. Үйлерді аралау кезеңінде интервьюрерге арнайы куәліктер мен Ұлттық санақтың атрибуттары берілетін болады.

«Куәлікте интервьюердің фотосуреті, тегі, аты, әкесінің аты, куәліктің берілген уақыты мен жарамдылық мерзімі, сондай-ақ, аумақтық статистика бөлімшесінің қолы мен мөрі болады. Барлық интервьюерлерде халық санағының белгілері бар көк түсті мойынорағыш пен портфель болуы тиіс», – дейді Ұлттық статистика бюросының ресми өкілі Олжас Сайлаубекұлы.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың ұлттық санағы 1 қыркүйектен 30 қазанға дейінгі аралықта өтеді. Оған онлайн режимінде де, дәстүрлі тәсілмен де қатысуға болады. 2021 жылдың санағының ұраны – «Қазақстанда әркім маңызды! В Казахстане каждый важен!».

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар