Қытай орбиталық станция құрылысын жүргізуге ғарыш кемесін ұшырды

Бортында үш ғарышкері бар «Шэньчжоу-12» басқарылатын ғарыш кемесі бейсенбі күні таңертең Қытайдың солтүстік-батысындағы Гоби шөліндегі «Цзюцюань» ғарыш айлағынан ұшырылды. Кеменің ұшырылуының тікелей трансляциясын Қытайдың орталық телеарнасы жасады, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.
Аппаратты орбитаға шығару үшін CZ-2F тасымалдаушы зымыраны қолданылды. «Шэньчжоу-12-нің» ұшырылуы соңғы бес жылда алғашқы рет болып отыр. Соңғы басқарылатын ғарыш миссиясы 2016 жылы жүзеге асырылған. «Шэньчжоу-12» басқарылатын ғарыш кемесі «Цзюцюань» ғарыш айлағынан 17 маусым күні жергілікті уақыт бойынша сағат 09:22-де ұшырылды.
Миссияның басты мақсаты – қытайлық ғарыш станциясының орбитадағы жұмыстарына қызмет көрсетіп, тестілеу өткізу. Орбитаға шыққанан кейін ғарыш кемесі автоматты түрде «Тяньхэ» ғарыш станциясының негізгі модуліне жақындап, онымен түйіседі. Нәтижесінде осы модульмен және «Тяньчжоу-2» жүк кемесімен орбиталық кешен құрады.
Одан кейін «Шэньчжоу-12» кемесінің бортындағы ғарышкерлер негізгі модульге ауысып, орбитада үш ай мерзімге қалады. Ғарыш айлағына арналған «Тяньхэ» базалық модулі ғарышқа осы жылдың сәуірінде, «Тяньчжоу-2» жүк кемесі мамырында жіберілген.

Дереккөз: www.inform.kz

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар