Ақмолалық оқушылар республикалық техникалық шығармашылық және өнертапқыштық жарыста топ жарды

Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен онлайн режимде техникалық шығармашылық пен өнертапқыштық (әуе, зымыран, авто және кеме модельдеу) жарыстары өткізілді.

Байқауға Ақмола облысының екі ауданынан (Аршалы, Бурабай) 10 бала қатысты, оның 8-і Аршалы ауданы ЖТС-нің тәрбиеленушілері болса, 2 тәрбиеленуші Бурабай ауданы Щучинск қаласы «Арман» БЖШО-дан.

Әуе, зымыран, авто және кеме модельдеудің техникалық түрлері бойынша Аршалы ауданы «Аршалы қ.жас техниктер станциясы» КММ-нің жігіттері жалпыкомандалық есепте 2 орынға ие болды.

Ахметов Али педагог Олейник Николай Львовичтің жетекшілігімен:
– «Радиомен басқарылатын автомодельдер» Багги ДВС номинациясы бойынша 1 орынға;
– «Радиомен басқарылатын автомодельдер» Багги 10-Э номинациясы бойынша 2 орынға;
– «Кеме модельдеу» FSR MINI EXPERT номинациясы бойынша 3 орынға ие болды.
Жарыс жеңімпаздары ҚР БҒМ РҚБОӘО-ның дипломдарымен марапатталды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар