Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Бейбіт күннің батырлары» - АРҚА АЖАРЫ

«Бейбіт күннің батырлары»

Осындай тақырыпта Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин музейінде бейбіт заман қаһармандарының ерлігін насихаттау мақсатында көрме ұйымдастырылды.

Мәдени іс-шараға Ақмола облыстық мәдениет, архив және құжаттамалар басқармасының, Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің, Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен студент жастар қатысты.

Көрменің ашылу салтанатында Мәлік Ғабдуллин музейінің директоры Талғат Ыбыраев сөз сөйлеп, жиналғандарға жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар, Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Сырым Шәріпханов сөз сөйлеп, аталмыш көрменің басты мақсатын тарқатып айтып берді.

– Біздің академияға Мәлік Ғабдуллин есімінің берілуі біз үшін зор мақтаныш. Оқу ордасының атауы ғана өзгерген жоқ. Бізге зор жауапкершілік жүктеліп отыр. Біз талай жылдан бері Көкшетаудағы Мәлік Ғабдуллин атындағы музей ұжымымен бірге ынтымақтастық, шығармашылық бірлестікте көптеген іс-шараларды ұйымдастырып жүрміз. Бүгінгі көрмені де бірлесіп ұйымдастырып, тұрғындарға ұсынуды жөн санадық. Тамашалаған адам тағылым алады деген ойдамын, – деді Сырым Шәріпханов өз сөзінде.

Әскери шатырда орналасқан көрмені Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің құрметті ардагері, отставкадағы полковник Сапарғали Асылбекұлы таныстырды.

Көрмеде өрт сөндіру қызметінде ерлігімен ұрпаққа мақтаныш болған азаматтардың еңбек жолы, ерлік істерінен мағлұмат беретін деректер, өрт сөндіру кезінде пайдаланатын құрал-жабдықтар көрініс тапқан. Мәселен, 1989 жылы 20 мамырда Алматы қаласында болған жойқын өрт кезінде ерлік танытқан батырлар туралы мағлұматты да осы жерден оқып, білуге болады.

Апат айтып келмейтіні анық. Халықтың амандығы үшін өз жанын пида етуден тайынбайтын ержүрек, батыр ұлдарымыздың ерен істері қашанда ұрпаққа үлгі болуы шарт. Осы орайда, ержүрек батырлар туралы деректерді тереңірек танып білу мақсатында ұйымдастырылған көрменің келешек ұрпаққа берері мол екендігін баса айтсақ дейміз біз де.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар