Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Асқар Мамин Үкіметтің биылғы негізгі міндеттерін атады - АРҚА АЖАРЫ

Асқар Мамин Үкіметтің биылғы негізгі міндеттерін атады

ҚР Үкіметі 8 трлн теңгеге 415 инвестициялық жобаны іске асыруды көздейді. Бұл туралы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылдың қорытындысы бойынша Үкіметтің алдында экономика өсімін 3,5-4,0 пайыз деңгейінде қамтамасыз ету және 1,2 млн адамды жұмыспен қамту шараларын іске асыру міндеті тұр. Бұл халықтың нақты табысын 5 пайыз арттыруға мүмкіндік береді. Үкімет сонымен қатар 8 трлн теңгеге 415 инвестициялық жобаны іске асыруды көздеп отыр», — деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысының айтуынша, биыл 17 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру, 200 мектеп салу және 30 медпункт ашу, 6 мың шақырым автожол жөндеу және салу, халықты ауыз сумен қалада – 98 пайыз және ауылда – 91,8 пайыз қамтамасыз ету жоспарланған.

«Агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуетін пайдалану үшін 1 050 шақырым каналды жөндеу жоспарланып отыр. Бұл суарылатын жерлерді 78 мың гектарға ұлғайтуға мүмкіндік береді», — деді Премьер-Министр.

Дереккөз:  ҚазАқпарат

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар