Екпе – індетке тосқауыл

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімованың қатысуымен өңіріміздің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы туралы брифинг болып өтті.

Облыс әкімінің орынбасары өңіріміздегі жұқпаға қарсы екпе жұмыстарының барысы туралы айтып берді. Облысымыздың аумағына 86 екпе пункті бар. Сонымен қатар, ұйымдасқан топтарда және ауылдық елді мекендерде екпе топтары жұмыс істейді. Қазіргі күні 26 жылжымалы екпе тобы жұмыс істейді, оның жетеуі қалада, 19-ы ауылдық жерлерде. Шалғайдағы елді мекендер үшін 11 жылжымалы медициналық кешен тартылған. Бүгінгі таңда вакцинация орталықтары мен екпе бригадалары салқындатқыш жабдықтармен қамтамасыз етіліп, суық тізбек үнемі бақыланады.

Өңірімізде ағымдағы жылдың 21 маусымындағы жағдай бойынша коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау барысы туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нариман Сыздықов пен облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Серік Әмірханов жан-жақты әңгімелеп берді.

Өңірімізде екпе науқаны басталғаннан бері 160100 доза бірінші компонент алынып, 95094 адам вакцинацияланған. Ал, екінші компонентпен 104 100 доза қабылданған. Өңірімізде салынып жатқан вакциналарға жеке-жеке тоқталар болсақ, «Спутник-V» екпесі салынғаннан бері 115600 доза қабылданса, бірінші компонентпен 68409 адам екпе алған. Бұл 59 пайызды құрайды. Бұл вакцина алғандардан жағымсыз реакциялар байқалмаған. Оған қоса, QazVac отандық вакцинасының 2000 дозасы алынып, 1626 адам вакцинацияланған. Ал, Хаят Вак вакцинасының 30 500 дозасы алынып, 24 975 адам екпе алған. Сонымен қатар, CoronaVac вакцинасынан да 12000 доза алынған.

Осы барлық вакциналарды алу барысында облыста екпеден кейінгі асқынулар болмаған. Жалпы, дене қызуы, инъекция орнында аздап ауырсыну және әлсіздік болуы мүмкін. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сай бірінші дозаны қабылдағаннан кейін 21-ден 90 күнге дейінгі кезеңде екінші компонентпен вакцинациялауға мүмкіндік беретін түзетулер енгізілгені белгілі. Осылайша, азаматтар екінші дозаны бірінші дозадан кейін 21 күннен бастап ала алады. Еліміздің ересек тұрғындарын екпемен кем дегенде 60 пайыз қамту арқылы ұжымдық иммунитет қалыптастыруға қол жеткізіледі. Бұл барлық шектеу шараларын алып тас-тайды деген сөз.

Мәселен, әлеуметтік желілерде вакцинаның «салдары» туралы фотосуреттері бар жанама әсерлері туралы жалған ақпарат пайда болғанын ескере отырып, хабарламашылар, ресми интернет-ресурстарында орналастырылған ақпарат пен мәліметтерге ғана сенуге шақырады. Нариман Ермекұлы барлық облыс тұрғындарын екпе науқанын қолдауға шақырып: «егер халықтың 60 пайызы вакцинамен қамтамасыз етілсе, біз бұрынғы өмір салтына қайта орала аламыз, яғни, іс-шаралар өткізіп, шектеусіз әртүрлі нысандарға баруға мүмкіндік аламыз» деді.

Өңірімізде ағымдағы жылдың 20 маусымындағы жағдай бойынша облыс-та COVID-19-дан зертханалық жолмен расталған 23 433 жағдай тіркелсе, оның 16807-сінде коронавирустық белгілері бар, 6626-сы қауіпті індетті тасымалдаушылар. Мәселен, өткен жылы 7 247 адамнан зертханалық жолмен расталған COVID-19 жағдайы тіркелсе, биылғы жылы 16286, ал, маусымда 1058 жағдай анықталған.

Ағымдағы жылдың 13 маусымынан 20 маусымына дейінгі соңғы аптада COVID-19-дан 249 жағдайы тіркелсе, бұл алдыңғы аптадағы 359 жағдайға қарағанда 1,4 есеге төмендегенін көрсетеді. Ал, соңғы бір тәулікте коронавирустан зертханалық жолмен расталған 36 жағдай тіркелген. Оның ішінде 32 жағдай симптомды болса, төртеуі симптомсыз.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар