Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Суға шомылғанда абай болыңыздар - АРҚА АЖАРЫ

Суға шомылғанда абай болыңыздар

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жанындағы азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, подполковник Асхат Ақылжанов өңірдегі суға шомылу маусымының барысы жөнінде айтты.

Адамдардың судағы қауіпсіздігі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің маңызды міндеті болып табылады. Осы орайда, олар өңірдің су айдындарында адам өліміне жол бермеу бойынша алдын алу шараларын өткізеді. Бірақ, барлық қолға алынған алдын алу шараларына қарамастан, бүгінгі күні адам өлімінің 5 фактісі тіркелді. Оның екеуі жасөспірімдер. Олар рұқсат етілмеген, жабдықталмаған орында суға шомылған екен.

–Биылғы жылдың 8 маусымында Целиноград ауданының Отаутүскен ауылының іргесінен ағып өтетін Нұра өзенінде қызын құтқару кезінде 1978 жылы туған азаматша суға кетті. Ол бұл өзенде балық аулаумен айналысқан екен. Суға кету оқиғасы Ерейментау ауданының Қоржынкөл көлінде, Аршалы ауданында, Көкшетау қаласында тіркелді. Адам өлімінің барлық фактісі бойынша соттық-медициналық сараптама жүргізілуде. Бұдан кейін өлімнің себебі белгілі болады. Жыл сайын балаларды суда малтуға үйретеміз. Биылғы жылы 960 бала оқытылды.

Бұл бағытта облыста 24 бассейн жұмыс істейді. Оның жетеуі қалаларда, 17 аудан орталықтарында. Департаменттің бастамасымен облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы балаларды малтуға оқыту үшін жалпы білім беретін мектептермен келісім-шартқа отырды. Оқудың кестесі жасалды. Сондай-ақ, 10 маусымнан бастап Қопа, Бурабай, Щучье және Зеренді көлдерінде орналасқан департаменттің жедел құтқару бекеттерінің базасында балалардың үш суға шомылу орны жұмыс істейді. Мұнда аталмыш бөлімшелердің құтқарушылары балаларды суда малтуға үйретуде.

Бұл оқу әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбастарының балалары үшін тегін. Сабақ суға шомылу маусымы аяқталғанға дейін жалғасады. Суда шомылу маусымы басталғанға дейін жергілікті атқарушы органдармен бірге 9 коммуналдық, 49 жекеменшік суға шомылатын орын ашылды. Бұл нысандарда 173 қоғамдық құтқарушы жұмыс істейді. Судағы адам өлімінің алдын алу аясында БАҚ-пен ауқымды жұмыс жүргізілуде. Облыстық полиция департаментінің аумақтық бөлімшелерімен бірге 1070 рейд жүргізіліп, 267 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деген подполковник «Шомылуға рұқсат жоқ» деген 551 белгі орнатылғанын айтты. Судағы қауіпсіздік ережесі жөнінде тағы бір еске салды.

Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Советбек МАҒЗҰМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар