Ақмола облысында археологиялық маусым ашылды

Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен Ақмола облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайының «Краснояр кентіндегі Ботай мәдениетін археологиялық зерттеу» экспедициясы жұмысына кірісті.

Маусымның 15-нен басталған далалық археологиялық қазба жұмыстары қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып жүргізілетін болады.

Археологиялық-тарихи зерттеулердің міндеттеріне ғылыми материалдарды, ашық аспан астындағы «Ботай-Бурабай» музейінің қорларын артефактілердің түпнұсқаларымен (найзаның ұштары, сүйектен жасалған заттар және т.б.) толықтыру кіреді.

Археологиялық экспедиция жұмысына Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми қызметкерлері, ғалымдар, Зеренді, Жақсы және Атбасар аудандары мектептерінің студенттері мен оқушылары қатысады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар