Қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлеріне монумент орнатылды

Қазақстан полициясы күні қарсаңында Щучинск қаласында қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлері Қанат Отарбаев пен Қанат Хамидуллиннің құрметіне орнатылған монументтің ашылу салтанаты өтті.

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, карантиндік шараларды сақтай отырып өткен монументтің ашылу салтанатына жиналғандар қаза тапқан полицейлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Шараға Ақмола облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин, Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев, қаза болғандардың туыстары, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері және ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты.

“Полиция департаментінің жеке құрамы қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан жолдастарын еске алады. Біз ішкі істер органдарында лайықты қызмет атқарған әріптестерімізді мақтан тұтамыз. Қанат Отарбаев полицияда 16 жыл, Қанат Хамидуллин 12 жыл қызмет етті. Олардың кәсібилігі, өз жұмысына адалдығы-ерлік пен ар-намыстың үлгісі”, – деп атап өтті полиция бөлімінің басшысы.

Шарада Арманбек Баймурзин қаза тапқан қызметкерлердің жесірлеріне тұрғын үйді жекешелендіру туралы келісім-шарт тапсырды. Сонымен бірге, ол қаза тапқан полицейлердің отбасылары әрдайым көмек пен қолдауға сене алатынын атап өтті. Ескерткіш орнату жұмыстарын ұйымдастыруға қатысқандарға алғысын білдірді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар