Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Bolashaq» және жазғы мектеп - АРҚА АЖАРЫ

«Bolashaq» және жазғы мектеп

«Summer school» – жазғы лагерьдің бұл түрінде оқушылар дем алып жүріп, әртүрлі пәндер бойынша сабақ оқып, білім де алады. Мұндай мектептер каникул кезінде ұйымдастырылып, ғылыми қоғамдастықты модельдеуге және дарынды оқушыларды зерттеу жұмыстарына тартуға арналған.

«Жазғы мектеп» өткізу үшін интенсивті оқыту форматы таңдап алынған. Онда оқушылар тек теориялық тұрғыдан ғана емес, практикалық жағынан да білімдерін ұштайды. «Summer school» «Bolashaq» сарайы жобасының мақсаты Ақмола облысының ілім-білімге құштар дарынды балаларын жазғы кезеңде нәтижелі жұмыспен қамту және олардың академиялық және шығармашылық дағдыларын жобалау, шығармашылық және ойын қызметі арқылы дамыту болып табылады. Жазғы мектепке қатысушылар – оқу жылы кезінде «Bolashaq» сарайы және басқа да білім мекемелерінде ұйымдастырылған түрлі байқауларда бақ сынап, ІТ бағытында жоба қорғаған дарынды жеткіншектер.

–Бір апта ішінде балалар түрлі жобалар бойынша жұмыс істеп, оны курстың соңында қорғайды. Сабақтан кейін оқушылар футзалға, бадминтонға, тренажер залдарына барып, дене шынықтырумен айналысуларына болады, сонымен бірге асық ату, бес асық ойындарымен ойнауға да мүмкіндік бар. Шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ сияқты үстел ойындары бойынша да сабақтар мен жарыстар өткізіледі. Кешкі уақытта балаларды жағалауға экскурсияға шығарып, би кешін ұйымдастырамыз, әр түрлі танымдық фильмдер көрсетеміз, –деді мекеменің медиа және жастар мен жасөспірімдерді үйлестіру бөлімінің меңгерушісі Әділет Сембі.

«Bolashaq» сарайының ІТ мектебінің бағдарламасына сәйкес оқушылар LEGO Mindstorms, MyRio және Arduino бағдарламалау бойынша қарқынды курстардан өтеді. Ал, жаратылыстану-ғылыми мектебінің бағдарламасында курсқа қатысушылар эко-жобалар және зертханалық зерттеулер бойынша білім алады.

Бұл курстың ерекшелігі – студенттер ғылыми жетекшілері бар шағын топтарда жұмыс істейді. Олар мұнда қысқа мерзім ішінде өздеріне қажетті зерттеулерін заманауи эксперименттік құралдармен жүргізуге және өзінің ғылыми жобаларын толықтыруға мүмкіндік алады. Медиа мектептің бағдарламасына тоқталсақ, оқушылар әлеуметтік медиа маркетинг негіздері бойынша курстан өтеді. Бұл мектептің негізіне өскелең ұрпақтың өмірлік маңызды және өзекті дағдылары бойынша сабақтар кіреді.
Summer school аяқталғаннан кейін білім алушыларға курстан өткені туралы сертификаттар беріледі.

Ы.ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар