Қоғам тұрақтылығын журналистің ойы мен пікірі орнықтырады

Әлеуметтік дамудың заманауи тенденциялары медиа кеңістікте адамдардың күнделікті өміріне белсенді әсер етеді. БАҚ мемлекеттік органдар мен қоғам,тапсырыс беруші мен тұтынушы арасында ақпарат таратудың негізгі арналарының бірі болып қалатыны даусыз.

Бүгінде елімізде БАҚ қызметінің сапалық өзгерісі байқалуда, оны жаңа ақпараттық-коммуникативтік технологияларды белсенді енгізумен, мемлекеттік емес БАҚ сегментінің одан әрі ұлғаюымен байланыстыруға болады.

Интернеттегі онлайн-медианың дамуымен қатар әлеуметтік желілер де тарала бастады. Facebook-тің орыстандырылуымен көптеген пайдаланушылар өзін-өзі көрсетудің жаңа түрін – бета-журналистиканы қолдана отырып, әлеуметтік желіге көшті. Осылайша, медианың жаңа бәсекелестері қарапайым адамдар – блогерлер, инфлюенсерлер болды. Тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасының ақпараттық нарығының дамуын сипаттай отырып, тәуелсіздік алған сәттен бастап ол жүзеге асты деп сеніммен айтуға болады. Ал, осы тезистің көрнекі дәлелі облыстың ақпараттық кеңістіктегі құрылымының сапалық және сандық өзгерістері болып табылады.

Бүгінде өңірімізде қолданыстағы 97 БАҚ тіркелген, олардың үлес салмағы шамамен 80 пайызды құрайды. Еліміздің ақпараттық кеңістігін кеңейту, журналистермен өзара іс-қимылдың жаңа жолдарын іздестіру бойынша мемлекет қабылдап жатқан шаралар жаңа БАҚ-тарды тіркеу үшін жаңа мүмкіндіктер туғызды.

Осы жылы есепке қою туралы куәлікті мына бұқаралық ақпарат құралдары алды. Олар – «kokshe-kontent.kz», «koksheinform.kz», «turanpress.kz». Бұлар облыстың медиа-ресурстарының өсуінің көрсеткіші болып табылады. Өңірде 20 жетекші республикалық БАҚ-тың меншікті тілшілері еңбек етеді. Оған қоса, облыс аумағында жоғары сапалы және қызмет көрсету деңгейіндегі ақылы көп бағдарламалы теледидар қызметтерін ұсынатын кабельдік теледидар желілерінің 7 операторы жұмыс істейді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 17 маусымдағы бұйрығына сәйкес олар ұсынатын қызметтер пакетіне 15 міндетті теле-радио арнаны қосу мәселесі де пысықталды. Олардың қызмет аясы әдетте, жергілікті сипатта болады. Аталған сектор «Алма-ТВ», «RT», «Бурабай ТВ» және тағы басқалары сияқты бірнеше ірі операторлардан тұрады.

Бүгінгі таңда кабельдік және эфирлік-кабельдік теледидар инфрақұрылымы Көкшетау, Степногорск, Щучинск және Ерейментау сияқты бірқатар аймақтарда дамып келеді. Мұндай әртүрлілік органикалық түрде толықтырылады, аймақтық БАҚ-тың қарқынды дамуын ынталандырады, аймақтың ақпараттық өрісінің ерекше палитрасын жасайды. Жыл сайын мемлекеттік ақпараттық саясаттың басым бағыттары мемлекеттің әлеуметтік, инвестициялық тіл саясаты сияқты әлеуметтік маңызы бар тақырыптар, өскелең ұрпақты адамгершілік және рухани тұрғыдан тәрбиелеу, шағын және орта бизнесті дамыту және тағы басқалары болып табылатынын атап өткен жөн.

2021 жылы еліміз бен өңірімізде негізгі тақырып коронавирустық инфекциямен күрес бойынша жұмыс болып қала береді. Барлық мемлекеттік органдардың қызметі туралы толық хабардар болу мақсатында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру және азаматтық секторды дамыту негізгі бағыттар болып отыр.

Сондықтан, мемлекеттік саясаттың басымдықтарының бірі бәсекеге қабілетті ақпараттық кеңістікті қалыптастыру. Жұмыстың негізгі мақсаты да Ақмола облысының бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жағдай жасау. Жалпы, облыстық БАҚ-тың телевизиялық бағдарламалары мен баспа өнімдері контентінің сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдануда.

Есепті кезең ішінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін ақпараттық жария етуде журналистерге көмек көрсету мақсатында өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында 95 брифинг, облыстық, қалалық және республикалық БАҚ-тың меншікті корреспонденттері үшін ірі кәсіпорындарға, Жақсы, Ерейментау, Аршалы, Ақкөл және тағы басқа аудандардың егіс алаңдарында 12-ден астам пресс-турлар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, елдегі және өңірдегі маңызды қоғамдық-саяси оқиғаларды жария ету бойынша ақпараттық жұмыстың тиімділігін арттыру шеңберінде 2021 жылдың басынан бастап 30-дан астам медиа жоспары әзірленді.

Облыстық және аудандық негізде медианы дамытуға үлкен мән беріледі. Газеттердің дизайны жаңартылады. Іс жүзінде бүкіл аудандық газеттер түрлі-түсті форматқа көшірілді. Электрондық бұқаралық ақпарат құралдары үшін цифрлық технологиялармен байланысты инновациялық серпілістің уақыты келді. Мемлекеттік деңгейде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған цифрлық телехабар таратуға көшу жөніндегі республикалық стратегия іске асырылуда. Облыста қызметтің негізгі жеткізушісі ретінде «Қазтелерадио» акционерлік қоғамы анықталды және дистрибьютерлік ұйымдар әрекет етеді. Бүгінгі таңда цифрлық теледидар қызметіне 91 мыңнан астам абонент қосылған.

Жыл сайын журналистер арасында дәстүрлі «Алтын қалам» байқауы 10 номинация бойынша өткізіледі. Биылғы жылы конкурстық комиссияның қарауына 81 өтінім келіп түсті. Өңірлік журналис-тер облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысады. Редактор белсенді азаматтық позицияға ие бола отырып, әртүрлі комиссия-лар мен консультативтік-кеңесші органдардың құрамына кіреді. Тағы бір айтарым, өңірлік журналистика мектебі өз тәрбиеленушілерімен танымал, біздің өңірде ақпарат саласында еңбек еткендер елорда да, Ұлттық телеарналарда, республикалық басылымдарда жұмыс істейді. Міне, біз осындай белсенді, күшті, сауатты кадрлармен мақтана аламыз және оларға барлық шығармашылық табыспен сәттілік тілейміз.

Журналистердің қазіргі буынының тәжірибелі ізбасарлары мен тәлімгерлері дегенде Бәдуан Имаш, Жұмабай Есекеев, Мәтен Бижанов, Кабира Ережепова, Төлеген Қажыбай, Рауф Ақбердин, Трофим Лезный, Иван Перерва, Валентина Теплякова және басқаларын мақтанышпен айтуға болады.
Бүгінде медиасфера дамудың жаңа серпініне ие болуда. Қазахстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бұрын заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыс жүргізді, онда мемлекеттік ақпараттық тапсырыс шеңберінде жаңа тәсілдер әзірленді.

Қазіргі уақытта уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдармен талқылау сатысында тұрған заңнамалық өзгерістерді дайындауда. Аталған жұмыстар аяқталғаннан кейін тиісті жоба қоғамдық талқылауға шығарылады және журналистер оны жетілдіруге қатыса алады. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның: «Менің міндетім – журналистердің мүдделерін қорғайтын, мәртебесін көтеретін, ынталандыру беретін толыққанды жақсы Заң жасау арқылы үлкен жауапты қызметті орындау. Қоғамдағы тұрақтылық журналистердің кәсібилігі мен қызметіне байланысты. Сондықтан, министрлік уәкілетті орган ретінде бірлесіп жұмыс істеу үшін және тиісінше халыққа дұрыс басымдықтарды қалыптастыруға көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтын болады», – деп атап көрсеткенін баса айтқым келеді.

Алтынай ӘМІРЕНОВА,
Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар