Коронавирус: 3 өңір «жасылдан» «сары» аймаққа өтті

Ел өңірлерінде коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

28 маусымдағы жағдай бойынша, «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары орналасқан. «Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда және Маңғыстау облыстары тұр. «Жасыл» аймаққа: Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары енген. Жалпы, Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймақта тұр. Айта кетейік, 27 маусымда «сары» аймақта Шымкент қаласы, Қостанай және Маңғыстау облыстары орналасқан болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар