Әлеуметтік желіге порнографиялық суреттерін жариялаған зеренділік ұсталды

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылғы маусымның 26-да Ақмола облысы ПД криминалдық полиция бөлімшелерінің қызметкерлері әйелдерге қызмет ұсына отырып, өзінің порнографиялық сипаттағы фотосуреттерін таратумен және жарнамалаумен айналысқан облыс орталығының тұрғынын анықтады. Ер адам өз кінәсін мойындады. Белгілі болғандай, жас жігіт әлеуметтік желіде бүркеншік атты қолдана отырып, сауалнаманы, жеке интимдік фотосуреттерді орналастырған.

«Ер адамнан оның профилі тіркелген телефон тәркіленді. Осыған байланысты Зеренді ауданының 27 жастағы тұрғынына қатысты Қылмыстық кодекстің 311-бабы «порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату» бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды. Сонымен қатар, күдіктіге қатысты іс жүргізу мәжбүрлеу шарасы келу туралы міндеттеме түрінде таңдалды», – деді ведомстводан.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар