Облысымызда 8 адамның карантин талабын бұзғаны анықталды

Ақмола облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, карантин талаптарын бұзушылардың ең көп саны Бурабай ауданында анықталды.

Халыққа қызмет көрсету орталығына барған екі адамның «қызыл» және «сары» мәртебесі бар екені анықталды. Осыған ұқсас каратин талаптарын бұзу оқиғасы Жарқайың ауданында анықталды. Онда да «сары» мәртебесі бар бір адам халыққа қызмет көрсету орталығына барған.

«Соңғы бір аптаның ішінде тіркелген «Ashyq» деректеріне сүйенсек, облыс аумағына келген Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының карантиндік талаптарды бұзғандары анықталып отыр. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласының «қызыл» мәртебесі бар 2 тұрғыны облыс аумағындағы қоғамдық тамақтану нысандарына барған.

Оның бірі, «қызыл» мәртебесі бар адам Көкшетау қаласында «Пинта» дәмхана-барына, екіншісі, «қызыл» мәртебесі бар тағы бір астаналық Степногорск қаласындағы «Шансон» дәмханасына барғаны анықталды. Бұдан бөлек, Нұр-Сұлтан қаласының «сары» мәртебесі бар тұрғыны Целиноград ауданында «Фазенда» дәмханасына кірмекші болды», – деді ведомстводан.

Осы ретте, Бурабай ауданында өзін-өзі оқшаулау режимін бұзушылар үй карантині аяқталғаннан соң әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Ал, астаналық тұрғындарға қатысты тұрғылықты жері бойынша шаралар қабылдау үшін Ақмола облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті материалдарды Нұр-Сұлтан қаласының департаментіне жолдады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар