«Арқаның ән дариясы» атты аймақтық дәстүрлі әншілер байқауы өтті

Степногорск қаласындағы «Горняк» орталықтандырылған мәдениет сарайында өткізілген байқау «Рухани қазына-2021» республикалық фестивалінің «Қазақстанның мәдени астанасы» іс-шаралар жоспары аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды.

Өнер додасына Нұр-Сұлтан қаласы, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола облыстарынан 20 мен 40 жас аралығындағы дәстүрлі әншілер қатысты. Қазылар алқасының құрамына Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің директоры Саян Мұхамедияр, Президент оркестрінің солисі, халықаралық байқаулардың лауреаты Айзат Қарабекова, ҚР еңбек сіңірген әртісі, дәстүрлі әнші Бисара Мәкенова енді.

Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған Денислам Жайлаубай (Аршалы ауданы) Бас жүлде иегері атанды.
Айбала Бейсенова (Целиноград ауданы) жүлделі бірінші орынға ие болса, екінші орынды Төлеген Аманов ( Көкшетау қ.) жеңіп алды. Солтүстік Қазақстан облысынан келген Ғалымжан Нүрпейісов үшінші орынды иеленді.

Жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Байқау ұйымдастырушылары барлық қатысушыларға «Рухани қазына-2021» естелік кәдесыйларын табыс етті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар