Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауыл шаруашылығын қолдауға 70 миллиард теңге субсидия бөлінді - АРҚА АЖАРЫ

Ауыл шаруашылығын қолдауға 70 миллиард теңге субсидия бөлінді

Биылғы жылы Ақмола облысының агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 70,7 миллиард теңге бөлінді. Оның ішінде субсидия түріндегі қайтарымсыз мемлекеттік қолдау 39,2 миллиард теңгені құрайды.

Бұл қаржының ішінде егіншілік саласын субсидиялауға 15 миллиард теңге бөлінді. Оның 9757,5 миллион теңгесі өсімдікті қорғау дәрісіне қолжетімділікті арттыруға, 4171,4 миллион теңгесі тыңайтқыш бағасын субсидиялауға, 1290,0 миллион теңгесі тұқым шаруашылығын қолдауға бағытталды. Мал шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 5,4 миллиард теңге қарастырылды. Бұл қаржы өнімділік пен мал шаруашылығы өнімінің сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялауға жұмсалады.
Инвестиция салуға және өңдеуді субсидиялауға 13,0 миллиард теңге бөлінді. Оның 11990,0 миллион теңгесі инвестиция салуға, 697,8 миллион теңгесі өңдеуші кәсіпорын шығынын субсидиялауға, 300,0 миллион теңгесі қарызды кепілдендіруге және қауіпсіздендіруге бағытталды. Қаржылық сауықтыруға және лизинг бойынша сыйақы ставкасын толықтыруға 5,6 миллиард теңге қарастырылды. Оның 196,7 миллион теңгесі қаржылық сауықтыруға, 5399,4 миллион теңгесі лизинг бойынша сыйақы ставкасын толықтыруға бағытталды.
Биылғы жылдың 6 айында облыстың 3 мың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері 24,0 миллиард теңгенің мемлекеттік қолдауын алды. Оның 8,0 миллиард теңгесі егіншілікті субсидиялауға, 3,5 миллиард теңгесі мал шаруашылығы саласын субсидиялауға, 9,6 миллиард теңгесі инвестициялық субсидиялауға және өңдеуді субсидиялауға, 2,9 миллиард теңгесі қаржылық сауықтыруға және лизинг бойынша сыйақы ставкасын толтыруға бағытталды.
Сондай-ақ, Аграрлық несиелік корпорация филиалы, ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры, несиелік серіктестік, екінші деңгейлі банктер және шағын қаржылық ұйымдар арқылы көктемгі егіс жұмысын жүргізу үшін 912,5 мың гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдарын себетін 326 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге 19,1 миллиард теңге жеңілдетілген несие берілді.
«Азық-түлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «Көкше» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамнан кепілдікпен ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу бойынша жұмыс жүргізуде. Бүгінгі күні Үйлестіру кеңесі 11,2 миллиард теңгенің 95 өтінімін мақұлдап, 93 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші 10,9 миллиард теңге несие алды. 2017-2021 жылдары тиімді жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауылда кәсіпкерлікті дамытуға биылғы жылы 1,2 миллиард теңге қарастырылды.
Шағын несиелеу Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры және Аграрлық несиелік корпорация арқылы жүргізіледі. Биылғы жылдың 6 айында 609 миллион теңгенің 160 шағын несиесі берілді, 160 жаңа жұмыс орны ашылды. Мемлекеттік реттеудің жұмыс істейтін рычагы тәрізді мемлекеттік қолдау жыл сайын ауыл шаруашылығы өндірісінің нығаюын және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл өңірдің бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіп кешенін құруға және облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамытудың негізгі көрсеткіштерін тұрақты көбейтуге алып келеді.
Ғалымжан ӘБДІХАЛЫҚОВ,
Ақмола облысы әкімінің орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар