Жастар нашақорлыққа қарсы

Халықаралық нашақорлыққа және есірткі саудасына қарсы күрес күніне орай облыстық жастар ресурстық орталығы облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп, жастардың есірткіге қарсы күресте өзіндік сана-сезімін оятып, спортқа баулу, қоғамда есірткіге қарсы пікір қалыптастыру мақсатында «Біз дені сау ұрпақпыз» атты квест-ойынын ұйымдастырды.

Халықаралық нашақорлыққа және есірткі саудасына қарсы күрес күніне орайластырылған квест-ойынның басты ерекшелігі қатысушылар құқық қорғау органдарының тәжірибелі қызметкерлерінен нашақорлық, ел аумағында есірткіге тәуелділіктің кең таралуы туралы толық ақпарат ала отырып, саналы қарым-қатынас қалыптастыруы болып табылады. Квест-ойын жеке көшбасшылық, команда ішіндегі жұмыс, сыни ойлау секілді қасиеттерді біріктіретін, жетілдіретін әмбебап алаң болып саналады. Жарысқа жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары (мектептер, лицейлер, гимназиялар және студенттер), өңірдің волонтерлері, шығармашыл, белсенді жастардың командалары қатысты.
–Квест-ойын салауатты өмір салтын насихаттауға, әлеуметтік белсенді, талантты жастарды анықтауға бағытталған. Шара барысында қатысушылар түрлі тапсырмалар алды. Сайыстар тек интеллектуалды жанр ғана емес, сондай-ақ шығармашылық көзқарасты да талап етті. Осындай іс-шаралар тұрақты негізде жоспарланатынын атап өткім келеді, бұл іс-шараның ең басты міндеті жастардың бойында денсаулық бақытты өмірдің басты шарты екендігі туралы ұғымды бекіту болды, – деді облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Мақпал Жанарысова.
Ойын соңында 1-орынды Көкшетау техникалық институты курсанттарынан құралған «Құтқарушы» командасы жеңіп алса, 2-орынды Көкшетау қаласының «Арна» жоғары колледжінің жас оқытушыларынан тұратын «Болашақ» командасы иеленді. Ал, қола жүлдеге, яғни, 3-орынға ие болғандар қаладағы жоғары медициналық колледжінің «ЛЭВИС» командасы. Сонымен қатар, 4-орынды Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжі оқушыларының «TehnoTEAM» командасы иеленді. Қалған командаларға қатысқаны үшін Йори Суши, МясоРУБКА, ДОДОПицца демеушілерінен сертификаттар табысталды.
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар