Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мәселелері шешімін тапты - АРҚА АЖАРЫ

Мәселелері шешімін тапты

«Nur Otan» партиясының облыстық филиалы Степногорск қаласында мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін көшпелі қабылдау ұйымдастырды. Партияның облыстық филиа-лы ұйымдастырған бұл көшпелі қабылдау «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында өтті. Индустриалды шаһардың ондаған тұрғыны партиялықтарға өздерінің мұң-мұқтажын айтып, алаңдатқан мәселелерін айтуға асықты. Қабылдау облыстық бірнеше басқарма жетекшілерінің қатысуымен өтті.

Бүгінде Степногорск қаласында 2 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат тұрады. Тұрғындарды мүгедектікті тағайындау, жұмыспен қамту, жеке көмекші тағайындау, мүгедектің жүріп-тұруына қажет қозғалыс құралдарымен қамту (мүгедектер арбасы, балдақ және тағы басқалары) мәселелері толғандырады. Аталған мәселелер бүгінде партияның облыстық филиалының бақылауына алынып, мүмкіндігінше оңтайлы шешілуде. Мәселен, көшпелі қабылдау барысында бірінші топтағы мүгедек Г.И.Кравченконың жеке көмекшімен қамту туралы өтініші бірден шешімін тапты. Ал, мүгедектікті тағайындау мәселесі облыстық денсаулық сақтау басқармасына зерттеп, зерделену үшін бағытталды. Қабылдауға келгендердің барлық өтініштері құзіретті орган өкілдерімен бірлесіп, қаралатын болады. Жалпы, ағымдағы жылдың 24 маусымындағы дерек бойынша облыстың 3 мыңнан астам тұрғыны партияның қоғамдық қабылдауында болған. Келіп түскен өтініштердің 53 пайызы оң шешімін тапты.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар