Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт бүгін сағат 18:40 шамасында «Нұр- Сұлтан-Теміртау» тас жолының бойында орын алған. Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД мен Ақмола облысы Аршалы аудандық ӨБ жеке құрамынан 17 адам және 3 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.
«Өртке байланысты жол жабылды. Өрт сөндірушілердің ширақ қимылының арқасында сағат 19:21-де өрт оқшауланып, 19:41-де толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр», — деді ведомстводан.