Бизнеске қолдау көрсетілді

Бұған дейін елімізде төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Осы кезде кәсіпкерлер келіскен техникалар мен франшиздерді сатып алуда қиындықтар туындады. Мәселен, «Көкшетау Бизнес-Консалтинг» серіктестігі өз жобасының жүзеге асыру мерзімін ұзарту жөнінде өткен жылдың күзінде өтініш берген болатын.

«Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында Көкшетау Бизнес-Консалтинг» серіктестігі атынан Талғат Мәженов Көкшетау қаласындағы «Икемді тас өндірісі арқылы бизнесті ұлғайту» жобасы бойынша 800 мың теңге грант алып, микшер, компрессор, пульверизатор және фрезерлік станок сатып алды. Ақмола облысы аумағында ұзаққа созылған пандемия және карантиндік шектеу салдарынан қалааралық және облысаралық жүк тасымалдау жиі тоқтады.
Сондай-ақ, Ресейден жүк тасымалдау барысында да проблема туындаған еді. Осыған байланысты 148 743 теңгенің қалған гранттық қаржысы және қатысушының 80 мың теңгесі толық игерілмеді. Соның салдарынан «Көкшетау Бизнес-Консалтинг» серіктестігі өз жұмысын тоқтатты.

Бүгінгі күні аталмыш серіктестік «Смолдың» желімдейтін компоненттерін өндіру және сату бойынша Қазақстанда альтернативтік тасымалдаушылар іздеуде. Өзге қажетті компоненттер облыс аумағындағы «Намыс» серіктестігінен алынады. Жоғарыда айтылғанға байланысты «Көкшетау Бизнес-Консалтинг» серіктестігі атынан Талғат Мәженов «Икемді тас өндірісі негізінде бизнесті ұлғайту» бизнес жобасын жүзеге асырудың және жаңа бизнес идеяны жүзеге асыруға грант беру жөніндегі келісім-шартқа сәйкес, 80 мың теңге мөлшеріндегі грантқа қатысу мерзімін 2021 жылдың 1 қазанға дейін ұзартуды сұрады.

Ақмола облысында «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік гранттар беру жөніндегі конкурстық комиссия шешіміне сәйкес, жобаны жүзеге асырудың мерзімі 2020 жылдың 21 қыркүйегінен 2021 жылдың 1 қазанына дейін ұзартылды.

Боранбай КӨМЕКЕЙ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар