Қауіпті қалдықтардан қалай сақтануға болады?

Қалдықтардың мемлекеттік кадастры қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге және қалдықтарға жалпы мемлекеттік кешенді есеп жүргізуге қатысты баға беру, болжау, технологиялық, экономикалық әзірлемелер, құқықтық және басқа да шешімдер үшін мемлекеттік органдарды, қатысы бар жеке және заңды тұлғаларды ақпараттармен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексі 154-бабының 1-тармағына сәйкес, табиғат пайдаланушылар қауіпті қалдықтар бойынша есептерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға береді. Аталмыш кодекстің 154-бабы 2-тармағына сәйкес, құжаттама есепті жылдан кейінгі келесі жылдың
1 қаңтарындағы жағдай бойынша 1 наурызына дейін жыл сайын тапсырады.

Экологиялық кодекстің 289-бабына сәйкес, қауіпті қалдықтардың паспорты шаруашылық қызметі процесінде қалдықтар құралатын жеке және заңды тұлғалар қауіпті қалдықтардың паспортын жасайды және бекітеді. Қауіпті қалдықтардың паспорты: осы Кодекстің 287-бабының 1-тармағында көрсетілген қалдықтарға; янтарь және қызыл тізімдердегі қалдықтарға жасалады.

Қауіпті қалдықтар паспортының нысанын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді және ол қалдықтардың әрбір түріне жеке толтырылады. Бұл паспорт қалдықтар түзілген кезден бастап үш ай ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жіберіледі. Міндетті бөлімдерге енгізілген деректердің толықтығы мен дұрыстығын арттыратын қосымша ақпараттың мазмұнына қарай қауіпті қалдықтар паспорты жаңартылуға жатады. Жаңартылған паспорт он жұмыс күні ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жіберіледі.

Қауіпті қалдықтар паспорттарының көшірмелері қалдықтардың осы партиясын немесе оның бір бөлігін тасымалдайтын жеке немесе заңды тұлғаға, сондай-ақ, қалдықтардың осы партиясының (партия бөлігінің) әрбір жүк алушысына міндетті түрде ұсынылады. Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексі 293-бабының
5-тармағы негізінде қауіпті қалдықтарды арнайы жабдықталған орындарға, оның ішінде мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы және жер қойнауын пайдалану саласындағы уәкілетті органмен келісу болған кезде шахталардың, кеніштердің және көліктік кеңістердің суланбаған жерасты тау-кен қазбаларында орналастыруға рұқсат етіледі.

Қауіпті қалдықтарды орналастыру үшін бөлінген аумақта қауіпті қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты емес басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыруға тыйым салынады. Қауіпті қалдықтар орналастырылған жер қалдықтың түрі, оның қауіптілік деңгейі және көмілген күні көрсетіле отырып, жақсы көрінетін жерде айырым белгілерімен белгіленуге жатады. Қалдықтарды көму кезінде топырақ сеуіп, тығыздап жабу үшін қауіпсіз қалдықтарды қолдану жағдайларын қоспағанда, қауіпті қалдықтарды қауіпсіз қалдықтармен, сондай-ақ, әртүрлі қауіпті қалдықтарды өндіру, тасымалдау және сақтау процесінде оларды өзара араластыруға тыйым салынады.

Арман ЖӘНІБЕКОВ,
Ақмола облысы бойынша мемлекеттік экологиялық инспекторы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар