Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бекеттер арқылы өтесіз! - АРҚА АЖАРЫ

Бекеттер арқылы өтесіз!

Ақмола облысында «Ashyq» жобасының арқасында Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Алматы қалаларынан келген «қызыл» немесе «сары» мәртебесі бар адамдардың нысандарға кіруге әрекеттерін анықтау жұмыстары жалғасуда. Әсіресе, жазда аймақтың демалыс орындары туристер үшін тартымды. Сондықтан, туристік аймақтарға кіре берісте санитарлық бекеттер орнатылмақшы. Бұл туралы журналис-термен брифинг өткізген облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина мәлім еттті.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда «Ashyq» жобасы бойынша облыста 589 нысан жұмыс істейді, жобаға қатысуға барлығы 680 өтінім берілді. Бұл ретте QR-кодтар бойынша ең көп келушісі бар 16 ұйым анықталды. Сонымен бірге, QR-код бойынша келушілердің саны нөлдік 20 қатысушы Ashyq жобасынан екі аптаға шығарылды.

Бұл келушілерді үш күннен артық тексермеген нысандар. «Ashyq» қосымшасы бойынша өңірде өзін-өзі оқшаулау режимін бұзудың 140 жағдайы анықталды, оның ішінде «қызыл» мәртебесі бар 51 адам және «сары» мәртебесі бар 89 адам. «Қызыл» мәртебесі бойынша бес тәртіп бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әрбір жеке тұлғаға 87 510 теңге көлемінде айыппұл салынды. Қалған тәртіп бұзушылардың үй карантині мерзімі әлі аяқталған жоқ, оқшаулау аяқталғаннан кейін оларға әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылатын болады.

Ал, елорда тұрғындарына қатысты тұрғылықты жері бойынша шаралар қабылдау үшін Нұр-Сұлтан қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне материалдар жіберілді. Ақмола облысында Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Алматы қалаларының «қызыл» немесе «сары» мәртебесі бар тұрғындары нысандарға өтуге тырысқан жағдайлар анықталуда.

Мұндай оқиғалардың ең көп саны Көкшетау мен Бурабай ауданында тіркелген. «Бізде туристік нысандар бойынша қатаңдату бөлігінде қаулыға өзгерістер енгізіледі, санитарлық бекеттер орнатылады және термометрия мен сауалнама өткізу режимі болады. Сондай-ақ, «қызыл» және «сары» мәртебесі бар тұлғалар туристік аймақтардың аумағына кірмеуі үшін «Ashyq» жобасы бойынша әрбір кірушінің мәртебесін тексеру жос-парлануда», – деп атап өтті өңірдің бас санитарлық дәрігері.

Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар