Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Атына заты сай дамып келеді - АРҚА АЖАРЫ

Атына заты сай дамып келеді

Әрбір адам туған жерінің гүлденіп, көркейгенін қалайды. Әл-ауқаттың деңгейін тұрғылықты жердің келбетінен-ақ аңғаруға болады. Жасырары жоқ, халықтың жайлы өміріне әсер ететін маңызды салалардың бірі елді мекенді абаттандыру. Әдемі жерде кімнің тұрғысы келмейді дейсіз. Әсіресе, ауылға көңіл бөлініп жатса құба-құп.

Жақсы ауданы соңғы жылдары ажарлана түсіп, ілкімді істерімен алға ілгерілеуде. Қазіргі таңда аудан орталығында көз тоқтатып, көңіл жадыратар көптеген құрылыс нысандары бой көтеріп келеді. Мәселен, Жақсы ауылында 14 метр биіктікте орналасқан көру алаңының құрылысы қолға алынды. Ендігі орайда, аудан тұрғындары мен қонақтары жергілікті жердің әдемі көріністерін тамашалау мүмкіндігіне ие болады.

Жақсы ауылының әкімі Қайрат Жылқайдаровтың айтуынша, көру алаңының құрылысы ағымдағы жылдың мамыр айында басталған. Сонымен қатар, таяуда «LRT Partners» мердігерлік ұйымымен «jaqsy» стелласының аймағын абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізіліпті.

Ал, көру алаңын абаттандыру жұмысының басы-қасында жүрген бас бригадир Ерлан Смағұловтың айтуынша, жақын арада жарықтандыру жұмыстарын тарту, автотұраққа орын дайындау, көгал төсеу, қарағайлар мен гүлдер отырғызу жұмыстары жоспарланған.

Сонымен қатар, ауданды абаттандыру жұмыстары аясында балаларға арналған ойын және шағын футбол алаңдарын орнату, алты елді мекенде бейнебақылау орнату, сондай-ақ, тұрғын үй ғимараттарының ажарын ашып тұрар әдемі муралдар салу жоспарда бар. Абаттандыру мәселесін ауызға алғанда әрине, жол туралы айтып кетпеу мүмкін емес. Бұл ауданда мемлекеттік «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы қарқынды жүзеге асып келеді. Ағымдағы жылы осы бағдарлама аясында 33 жоба қолға алынбақ. Жобалардың басым бөлігі кентішілік жолдарды жөндеуге бағытталған.

Жақсы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Руслан Тағаевтың айтуынша, қазіргі уақытта Жақсы ауылында «Артисан» серіктестігі, Запорожье ауылдық округінде «Арқа-К» серіктестігі асфальт төсеу бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Артисан» серіктестігінің маманы Петр Тригубовтың берген дерегіне ден қоятын болсақ, ескі асфальттар жаңартылатын болады. «Кестеден кешікпейміз, бәрі де белгіленген уақытында пайдалануға беріледі» дейді ол. Жақсыдан кейін Қима ауылы мен Запорожье ауылындағы жолдарға да асфальт төселінеді. Сонымен қатар, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында ауданда әлеуметтік нысандарды да күрделі жөндеу жоспарланған.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Жақсы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар