Дәстүрлі «Алқап күні» өтеді

Биылғы жылдың 14-16 шілдесінде «Expo Time» компаниясының ұйымдастыруымен Ақкөл ауданының Еңбек ауылында «Jańa Dala /GreenDay 2021» қазақстандық алқап күні» мамандандырылған демонстрациялық көрмесі өтеді.

Бұл іс-шараға қатысушылардың бірі – егіншілік, мал және құс шаруашылықтарына арналған микробиологиялық препараттарды әзірлеумен және өндірумен айналысатын BIONA компаниясы. Компания Ресей, Украина, ТМД елдері, сондай-ақ Еуропа, Оңтүстік Америка және Солтүстік Африка, Марокко, Чили, Аргентина елдері нарықтарында өз өнімін сатады. Алқап күнінде BIONA және оның Қазақстандағы дистрибьюторы «Достық-Агро» жаңа өнімдерді де ұсынады. Олардың ішінде BIOCONSORT – минқышқылдары негізіндегі микро және макро элементтердің табиғи кешені бар. Бұл өсімдіктің әртүрлі өсу кезеңдері үшін қолданылатын,

биостимуляциялық әсері бар мамандандырылған жапырақты тыңайтқыш. Тағы да бір препарат: «Лептоцид» – орман, ауыл шаруашылығы дақылдары мен саябақ дақылдарын қабыршақ қанатты зиянкестерден қорғауға арналған. Аралар, жабайы тозаңдандырғыштар, пайдалы жәндіктер үшін қауіпсіз. Bacillus thuringiensis var. kurstaki бактерияларының тірі жасушалары негізінде және олардың метаболизм өнімдері негізінде жасалған.

BIONA өнім қоржыны егіншілік және мал шаруашылығындағы 40-тан астам патенттелген және тексерілген препараттардан тұрады, олар үнемі жетілдіріліп және өндіріс қарқындылығының әртүрлі түрлерімен шаруашылықтарға енгізіліп отырады. «Jana Dala/Green Day 2021» алқап күні – Қазақстанның агроөндірістік кешеніндегі маңызды оқиғалардың бірі.

Іс-шара 2021 жылдың 14-16 шілдесінде Ақмола облысы Ақкөл ауданының Еңбек ауылында орналасқан өңірдің ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бірі – «Еңбек» серіктестігі базасында өтетін болады. Алқап күні – бұл қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы технологияларының, селекциялық жетістіктердің, заманауи жоғары өнімді техниканың ең ірі демонстрациялық алаңы, отандық және шетелдік аграршылар арасында тәжірибе алмасуға және іскерлік байланыстарды дамытуға ыңғайлы орын.

Іс-шараға Қазақстанның, сондай-ақ, жақын және алыс шетелдердің 150-ден астам компаниясы қатысуды жоспарлап отыр. 5 мыңнан астам агроөндірістік кешен кәсіпкерлері, облыс және аудан әкімдіктерінің ресми делегациялары қатысады деп күтілуде. Дала күнінде 500-ден астам түрлі ауыл шаруашылығы техникалары ұсынылатын болады.

«Expo Time» компаниясының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар