Тәуелсіздік – жастар жүрегінде

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшелері Астана күні қарсаңында «Қоғамдық келісім» мекемесінде жастармен кездесіп, Бас қаланың құрылу тарихы жайлы тағылымды әңгіме өрбітті. Дөңгелек үстелде тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу тарихы, Елбасының жаңа Астананы салудағы рөлі сөз болды. Кездесуді ашқан мекеме басшысының орынбасары А.Раисов Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі даму жолы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты екенін атап өтті.

Оның стратегиялық көшбасшылығы мен еңбегінің арқасында жаңа және қарқынды дамып келе жатқан Қазақстан құрылды.
Облыстық ассамблея мүшелері М.Қиықов, Ғ.Төлеғұл, Г.Яндиев және Е.Мащинская өздерінің Елбасымен кездескен сәттерінде алған әсерлерімен бөлісіп, оның жеке қасиеттерінің ішінде парасаттылықты, тартымдылық және терең ойлай білу қабілеттерін ерекше атап өтті.

– Онымен болған кездесулер мені әрқашан шабыттандырады, бойыма күш-жігер және таңдап алған жолымның дұрыстығына сенімділік береді. Біз кәсіпкерлер әрқашан оның қолдауын сезінеміз, – деді Чуваш этно-мәдени орталығының төрайымы Елена Мащинская.

– Біздер Қазақстан этностарының өкілдері Елбасына Ассамблеядай қоғамдық келісім институтын құрғаны үшін ерекше ризамыз. Оның арқасында елде бейбітшілік пен тыныштық сақталуда, – деп атап өтті «Вайнах» шешен-ингуш қоғамының төрағасы Герихан Яндиев.

– Еліміздің Тұңғыш Президентіне Қазақстанның жаңа астанасын құруда негізгі рөл тиесілі. Нұр-Сұлтан қаласының құрылысы оның жеке ерлігі болды. Бұл қала біздің тәуелсіздігіміздің салтанатты бейнесі мен халқымыздың мақтанышына айналды, – деді өз сөзінде «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықов. Өз кезегінде жастар да ұлт Көшбасшысы, жаңа астана жайлы ойларын ортаға салды. Мереке қарсаңында аға буын өкілдері жастарға жұмыс пен оқуда табыс тілеп, ел дамуы мен тәуелсіздікті нығайтуға белсенді қатысуға шақырды.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар