Ашық аспан астында фотобайқау өткізілді

Ол – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және елордамыз Нұр-Сұлтан қаласы күніне арналды.

Фотобайқауды Ақмола облыстық жастар-ресурстық орталығы Көкшетау қаласының орталық саябағында «We are together with NS» атауымен ұйымдастырды. Бұл іс-шара мәдениет пен рухани құндылықтарды насихаттау, жастар арасында фотоөнерді және қоғамдағы мейірімділік, махаббат және адамгершілік идеяларын насихаттау, сондай-ақ патриотизмді,

Отанға және елордамызға деген сүйіспеншілікті насихаттау мақсатында өткізілген болатын. Байқауға қатысуға өтінім беру кезеңі ағымдағы жылдың 26 маусымы мен 1 шілдесі аралығында болды. Сонымен қатар, жас ерекшеліктері бойынша шектелмеген кәсіби, бастаушы және әуесқой фотографтардан тұратын облыс тұрғындарының фотолары қабылданды. Қатысушыларға қойылатын негізгі техникалық талаптардың бірі – фотосуреттер 1800х2550рх кем емес рұқсаты бар JPEG форматында болуы тиіс екендігі ескертілген болатын.

«Бұл фотобайқауға кәсіпқой немесе әуесқой болсын, кез-келген адам қатысты. Іс-шараның тақырыбы – Біздің Елордамыздың аясында түсірілген фото болатын. Байқауға Ақмола облысының барлық аймақтарынан жіберілген 200-ден астам фотосуреттер ұсынылып, Елорда күнін мерекелеу аясында, астанамыздың көрікті жерлерін насихаттау мақсатында фототүсірілім ұйымдастырылды», – деп атап өтті жастармен жұмысты үйлестіру бөлімінің басшысы Жанарисова Мақпал.

Шара жеңімпаздарын ең үздік фотосуреттерді бағалай отырып, өтіп бара жатқан адамдар қойған лайктар саны бойынша анықталды. 1-орынды Сандықтау ауданынан жіберілген Карина Тагиева иеленсе, 2-орынды Біржан сал ауданынан Әйгерім Шәменова, ал, 3-орынды Егіндікөл ауданынан Әнуар Қасенов қоржынына салды. Барлық жеңімпаздар сыйлықтар және дипломдармен марапатталды.

Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар