Тұтынушылар артық төлеген жылу ақысы қайта есептеледі

Елімізде тарифтерді белгілеу табиғи монополиялар туралы заңнамаға және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы №90 бұйрығымен бекітілген тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеуге талдау жүргізді. Қайта есептеу 10 табиғи монополия субъектілері бойынша белгіленген. Аталмыш облыстық департамент тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында, қайта есептеуді жүргізу жөніндегі талаппен субъектілердің атына хаттар жолдады. Мәселен, Ақмола облысы бойынша 2020-2021 жылдардың өткен жылу беру кезеңінде 10 субъект бойынша жалпы сомасы 5 880 500 теңгенің жылу энергиясы үшін төлем қайта есептелетін болады.
Оның ішінде: «Көкшетау Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бойынша 290 560 теңге; «Степногорск Энергосбыт» серіктестігі бойынша 511 659 теңге; «Коммунсервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бойынша 710 440 теңге; «Теміржолсу-Көкшетау» серіктестігі бойынша 25 577 теңге; «Котельная АСИ» серіктестігі бойынша 20 620 теңге; «Жастар Атбасар» серіктестігі бойынша 93 850 теңге; «Есіл горкомхоз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бойынша 2 912 380 теңге; «Комхоз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бойынша 524 793 теңге; «Ақкөл-горкомхоз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бойынша 787 600 теңге; «Бурабай тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бойынша 3 017 теңге. Осылайша жоғарыда көрсетілген субъектілердің тұтынушыларына қайта есептеу 2021-2022 жылдардағы жылу беру кезеңінің басына алдын ала төлем түрінде дербес шоттарға есептеу немесе реттеліп көрсетілетін жылумен жабдықтау қызметіне есептеуді азайту жолымен жүргізетін болады. Бұл ретте, 2020-2021 жылдардың жылу беру кезеңі үшін қайта есептеу сомасының 2019-2020 жылдардың  жылу беру кезеңі үшін қайта есептеуден төмендеуі, осы жылу беру кезеңінде сыртқы ауа температурасының төмендеуіне, сондай-ақ,  жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнататын тұтынушылардың ұлғаюына байланысты екенін атап көрсету қажет. Қандайда бір сауалдар туындай қалса, 8 (716 2) 50 43 63 телефоны арқылы хабарласуға болады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар