Жүлделі үшінші орыннан көрінді

Жуырда Теміртау қаласында әр жастағы спортшылар арасында «Жатып көтеру» пауэрлифтингі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өтті.

Бұл сайысқа Көкшетау қаласының №10 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі, азаматтық қорғау сержанты Владимир Мальков қатысып, күш сынасты. Пауэрлифтингке қатысқан спортшы ең ауыр салмақты еңсеруі қажет. Пауэрлифтингті үш сайыс деп те атайды. Бұл атау зілтемірді әртүрлі жағдайда көтерумен тікелей байланысты.
Чемпионат «Классикалық жатып көтеру» және «Экипировкалық жату» атты екі аталымда өтті. Владимир бірден 105 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екі аталымға қатысып, жүлделі үшінші орынды иеленді. Ол Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығына еліміздің өзге де қалаларында өткен осындай чемпионатқа қатысуға көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдіреді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар