Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Асыл дініміздің тағылымды жолы - АРҚА АЖАРЫ

Асыл дініміздің тағылымды жолы

Қымбатты мұсылман қауым! Құрметті жерлестер!
Ислам әлемі ерекше қастерлейтін ұлық мереке – Құрбан айт мейрамы есігімізді ашып, табалдырығымыздан озғалы тұр. Бұл барша мұсылман қауымның тағылым мен ғибратқа кенелетін айрықша мерекесі саналады.
Кешегі кеңес заманында да бұл мерекені иманы бар адамдар атап өтіп жатты. Бүгінде тәуелсіз ел болып, азаттық алып жатқан кезде бұл мереке мемлекеттік мейрам ретінде тойланады. Сондықтан, бұл мереке күнін мұсылмандар шат-шадыман болып қуана тойлап, бірін-бірі құттықтап, дұға тілесіп өткізеді. Шалынған құрбандарына арналған дастарханнан дәм татады. Жетім-жесірлерге де, мұқтаж адамдарға да қарасып, құрбан малдың етін таратады. Жалпы, бұл ізгіліктің мерекесі болып табылады.
Осы күні облыстың бүкіл мешіттерінде тағылымды шаралар өтеді. Пандемияның аяққа оралғы болған жағдайы да қатаң ескеріледі. Құрбан шалу онлайн тұрғыда жүзеге асырылмақ. Сойылған құрбан малдың еті мұқтаждарға таратылады. Бұл ретте қайырымдылық шараларға көбірек назар аударылады.
Алла Тағала: «Сендер жақсы көрген нәрселеріңді жұмсамай жақсылыққа кенелмейсіңдер» деп құрбан айтында ең маңызды ғибадат  шамасы келген адамға құрбандық малын  шалып,  шариғат бойынша тарату екендігін жеткізді. Пайғамбардың (Алланың оған сәлемі болсын) хадисінде: «Парыз амалдан кейін Аллаға ең сүйікті амал мұсылманның жүрегіне қуаныш ұялату» деп атап көрсетілген. Аят пен хадиске амал қыла отырып, Алланың разылығын алуды нәсіп етсін.
Осының бәрі асыл дініміздің ғасырлардан бері жалғасып келе жатқан тағылымды жолы дер едік. Қазір әркім осы мерекені сағына тосады. Құрбан шалу – мерекенің ең басты рәсімдерінің бірі. Қасиетті Құран Кәрімде: «Ұмытпаңдар, олардың еті де, қаны да ешқашан Аллаға жетпейді. Оған жететін жалғыз нәрсе – жүректеріңізге ұялаған тақуалық, Аллаға деген құрмет» («Хаж» сүресі, 37-аят) делінеді.
Шамасы келген адамдар құрбан шалып, Аллаға жақындай түсуі керек. Ең бастысы, имани құндылықтар адамды ізгілікке бастайды. Бұл мереке де құрбан шалып, дастархан жаю емес, асыл дініміздің адамдарды тек жақсылыққа жетелеп, өзгенің де қамын ойлап, қарасуға тәрбиелейді.
Құрбан айттарыңыз қайырлы да құтты болып, Алла тағаладан тілеген дұғаларымыз қабыл болуға жазғай!

Қуаныш қажы Сәбит,
Ақмола облысының бас имамы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар