Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетау – Түркістан бағытында жаңа әуе рейсі ашылды - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетау – Түркістан бағытында жаңа әуе рейсі ашылды

Шілде айының 20-сынан бастап Көкшетау халықаралық әуежайынан аптасына үш рет Көкшетау – Түркістан – Көкшетау әуе рейсі орындалатын болды. Ендігі арада «Түркістан – ер түріктің бесігі ғой, Түркістан – екі дүние есігі ғой» деп Мағжан ақын жырлаған киелі топырақты аңсап тұратын жұрт сейсенбі, бейсенбі, жексенбі күндері ұшақпен жолға шыға алады.

Осылайша жаңарған, жаңғырған Түркістанның соны тұрпатын көруге, тарихи жердің тағылымымен танысып, өміршең өнегесін көкірекке сіңіруге мүмкіндік туып отыр.
–Бүгіннен бастап осы бағытта ұшақтар ұша бастады, – дейді «SCAT» әуе компаниясының өкілі Жанна Рудь, – билет құны 20 мың теңге. Жолаушыларға «SCAT» әуе компаниясы қызмет көрсетеді.
Ел ішінде қасиетті Түркістан туралы тағылымды дерек көп. Аруақ қонып, нар шөккен киелі жерге барған адам кіші қажылық міндетін өтегенмен бірдей дейтін ұғым да қалыптасқан. Жаңа бағыт өңі өзгерген өңірдің жағымды жаңалығымен танысуға мүмкіндік тудырып отыр. Жай ғана танысу емес, рухани нәрі мол тарихи өлкенің тылсым әсерімен әркімнің рухани кеңістігін кеңейтуге кең жол ашылған.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретте: Жаңа әуе рейсімен Түркістаннан ұшып келген алғашқы жолаушылар.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар