Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әкімдерді сайлауда партия белсенділігі жоғары - АРҚА АЖАРЫ

Әкімдерді сайлауда партия белсенділігі жоғары

Ағымдағы жылдың 25 мамырында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлау туралы» Конституциялық заңға қол қойғаны белгілі. Бұл орайда, Мемлекет басшысы «бұл біздің саяси жүйеміздің жеткілікті жетілуінің белгісі ғана емес, сонымен бірге қоғамымыздың демократиялық дамуындағы маңызды қадам» деп атап өтті.

Жалпы, осы жолғы саяси науқанға Ақмола облысындағы 239 ауыл және ауылдық округ әкімдерінің ағымдағы жылдың тамызында өкілеттігі аяқталатын 95-і, яғни, 40 пайызы қатысады. Әкімдерді сайлау облыстың барлық 19 аймағында, оның ішінде 64 ауылдық округ пен 29 ауылда өтеді. Сайлау науқанына 100 мыңнан астам ақмолалық немесе облыстағы барлық сайлаушылардың 19 пайызы қатысады. Әкімдер сайлауына «Nur Otan» партиясынан ұсынылған 76 кандидат партияның лайықты мүшелері, тәжірибесі мол, тұрғындардың мәселелерін шешуге дайын беделді тұлғалар екенін айтқым келеді.
Үстіміздегі айдың 14-і күні кешкі сағат 18.00-ден бастап үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарына кірісті. Халықпен кездесулер өткізіп, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша әзірленген «Жол картасында» белгіленген іс-шаралар негізіндегі өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен таныстыруда. Кандидаттардың әрқайсысының бағдарламасында бюджеттік қаржыландыру көзі мен оны орындаудың нақты мерзімі көрсетілген. Бұл халықтың үміткерлерге деген сенімін арттыратыны сөзсіз.
Жоспарланған іс-шаралардың ішінде ең маңыздысы, халықтың өмірі мен әл-ауқатын одан әрі жақсартуға бағытталған кешенді шараларды қабылдау болып табылады. Олар лайықты жалақы ұсынатын жаңа жұмыс орындарын құру, халықтың кірісін арттыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолдардың сапасын жақсарту, сумен жабдықтау нысандарын салу және қайта құру, медициналық және білім беру қызметтерінің сапасын арттыру, жұмыссыздықты азайту болып табылады.
Біздің партияның нақты істердің партиясы екендігінің дәлелі ретінде үміткерлер өз бағдарламаларының жүзеге асуы бойынша жыл басынан бастап есеп беретін болады. Партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың міндеттерін орындау мақсатында Ақмола облысында партияның облыстық, 2 қалалық және 17 аумақтық филиалдарының сайлауалды бағдарламаларына жүйелі мониторинг ұйымдастырдық. Ағымдағы жылдың алты айының қорытындысы бойынша партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі аймақтық Жол картасының 132 іс-шарасының 23-і (17,4%) орындалды, 88-і (67%) орындалу сатысында, 21-і (16%) орындалмады.
Орындалған негізгі іс-шараларды нақты айтсақ, 3 серпінді инвестициялық жоба іске асты. Мәселен, Аршалы ауданында қуаттылығы 100 МВт-қа жететін жел электр станциясының 2-ші кезегі салынды. Есіл ауданының «Ново-Приречное» ЖШС-нің сыйымдылығы 797,8 миллион теңге болатын 20 мың тонна астық сақтау қоймасы пайдалануға берілді. Туризм саласында «East West company Ltd» ЖШС қонақ үй кешенін салды. Бурабай ауданында 65 орындық 13 қонақ үй орнатылып, абаттандыру жұмыстары аяқталды. Зеренді ауданындағы «Аврора Гарден» демалыс базасы кеңейтілді. Шағын және орта бизнес саласында «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша жобаларға кепілдік берудің жылдық жоспары мерзімінен бұрын орындалды. «Даму» ФРП» АҚ несиелер бойынша жоспардағы 70 кепілдеменің орнына 190 кепілдеме берді, жалпы сомасы 2,1 миллиард теңгені құрайды, ал кепілдік сомасы 1,4 миллиард теңгені құрады.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша жылдық индикатор мерзімінен бұрын орындалды. Кем дегенде 45 жоба жоспарланып, 9,2 миллиард теңге сомасында 47 жоба қаржыландырылды. Денсаулық сақтау саласында жоспарланған
2 нысан, атап айтсақ Көкшетау және Степногорск қалаларындағы №1 емханалар «Виамедис» ЖШС-нің сенімгерлік басқаруына берілді. Қоғамдық тәртіпті сақтау саласы туралы айтсақ, жергілікті бюджет есебінен облыс орталығының көпшілік жиналатын орындарында 24 миллион теңгеге 5 бейнебақылау камералары орнатылып, Атбасар және Бурабай аудандарында 2 өрт бекеті құрылды.
Партияның «Жас Отан» жастар қанатының «Жастар – Отанға!» бағдарламасы жастарға қатысты мәселелерді шешуде үлкен көмек. Оны жүзеге асырудың жол картасы бойынша белгілі бір нәтижелерге қол жеткізілді. Облыста еріктілер қызметіне 3000-нан астам адам тартылды. NEET санатындағы жастардың саны, жұмыспен қамту және оларды оқыту үдерісін ұйымдастыру бо-
йынша қабылданған шаралар нәтижесінде 6,9 пайыздан 2,0 пайызға дейін төмендеді. Жастар қатарынан кәсіпкерлер саны 5758-ді құрады. Яғни, бұл көрсеткіш едәуір артып, облыстағы жастардың жалпы санының 5,25 пайызын құрады. 116 жас қазірдің өзінде «Еңбек» бағдарламасы бойынша 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде грант алды.
Биыл Целиноград және Ерейментау аудандарында екі спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталады. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Жақсы және Бурабай аудандарында тағы екі кешеннің құрылысын бастау жоспарлануда. Жол картасы аясында 7 студенттік жатақхана салынады. А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті 590 орындық жатақхананы пайдалануға берді. Көкшетау қаласында 2020 жылы басталған 300 орындық жатақхананың құрылысы жалғасуда. Биыл әрқайсысының сыйымдылығы 300 орынды құрайтын тағы 3 жатақхананың құрылысы басталады.
Біздің партияның кандидаттары үгіт-насихат шаралары аясында өз сайлаушыларымен кездесулер өткізіп, халыққа Жол карталарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы ақпарат беріп қана қоймай, партияның әр ауыл, қала үшін арнайы қабылдаған барлық міндеттемелерін бақылауға алып, оны орындау бойынша міндеттемелер алады.
«Nur Otan» партиясының мүшелері арасынан ауыл әкімдеріне кандидаттарды ұсыну – бұл Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлау науқанына дейін пайда болған «партияны қалпына келтіру» тұжырымдамасының заңды жалғасы болып табылады. Сондықтан, партия белсенділерінің ауыл әкімі ретінде ұсынылуы – біздің миссиямыздың сапалы орындалуына, яғни, халқымыздың әл-ауқаты мен гүлденуін қамтамасыз етуге ықпал ететіндігін батыл мәлімдейміз. Жалпы алғанда, осы сайлауға «Nur Otan» партиясынан үміткерлердің қатысуы мемлекеттің институционалдық тұтастығын нығайтады.
Ғалым БЕКМАҒАМБЕТОВ,
«Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар