Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әлеуметтік сақтандыру еңбек адамының мүддесіне қызмет етеді - АРҚА АЖАРЫ

Әлеуметтік сақтандыру еңбек адамының мүддесіне қызмет етеді

Әлеуметтік сақтандыру дегеніміз не? Ол қандай ұғымды білдіреді? Біздің қызмет туралы көбіне осындай сауалдар қойылып жатады. Оған жауап берсек, «Еңбек (қызмет) міндеттерін атқару кезінде жұмысшының өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік тәуекелдер пайда болған кезде қызметкердің жоғалған кірісінің бөлігін өтеу әлеуметтік сақтандыру болып табылады. Аталған заң әлеуметтік тәуекел немесе сақтандыру жағдайы пайда болу барысында қолданылады.

Сақтандыру жағдайы – еңбек (қызмет) міндеттерін орындау барысында қызметкердің өміріне немесе денсаулығына зиян келтіруге әкеліп соққан оқиға. Сақтандыру жағдайының үш түрі бар. Олар: еңбек қабілеттілігін жоғалту; асыраушысын жоғалту; жұмысын жоғалту.
Сақтандыру жағдайына қандай себептер душар етеді? Өндірістік фактор және қайғылы оқиға, егер соның салдарынан қызметкердің жарақат алуы немесе улануы орын алса, сақтандыру жағдайына әкеліп соққан негізгі себептер болып табылады. Мұның өзі еңбек қабілеттілігін тұрақты жоғалтуға, қызметкердің кәсіптік ауруға шалдығуына немесе қаза табуына ұрындыруы мүмкін.
Мұндайда осындай жағдайларды анықтау қандай өкілетті ұйымға жүктеледі? Мұны тапсырылған медициналық құжаттардың, сондай-ақ, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуын айғақтайтын мәліметтердің негізінде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің МСЭ бөлімі айғақтайды. Бұл жұмыс «МСЭ-ні өткізу ережелері туралы» №44 бұйрықпен және «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңға сәйкес іске асырылады. Оның барысында мүгедектік деңгейі де анықталады. Ал, асыраушысынан немесе жұмыстан айырылу сияқты сақтандыру жағдайлары туындау барысында төлемдерді қолданыстағы заңға сәйкес сақтандыру компаниялары жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының жасы еңбекке жарамды барлық азаматтары қызметкермен және жұмыс берушімен арадағы жасалған келісім-шарттан кейін және сақтандыру төлемдері төленген жағдайда міндетті әлеуметтік сақтандырудың қатысушысы бола алады. Міндетті әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік төлемдердің мөлшері жөнінде eGov порталынан білуге болады. Әлеуметтік аударылымдар қолданыстағы заңға сәйкес жұмыс берушінің қызметкерге төлейтін кірісінен 1,5 пайыз,
2 және 3 пайыз мөлшерінде белгіленген.
Осылайша «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заң қызметкердің құқықтары мен міндеттерін қарастырып, экономикалық тұрғыдан жұмыс берушіні еңбек қауіпсіздігін арттыруға, еңбек етуге қолайлы жағдайлар туғызуға мүдделі етеді. Ал, бұл сақтандыру жағдайларының санын азайта түседі.
Қ.АЙМУРЗИНОВА,
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті №5 МСЭ бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар