Орманымызды отқа орандырып, обалдық жасамайық

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Манарбек Шапағатов орман-дала өрттері және осыған байланысты қолданылып жатқан шаралар туралы айтып берді.

–12 сәуірден бастап Ақмола облысының мемлекеттік орман қоры аумағында өрт қаупі маусымы жарияланды. Осы өрт қаупі мезгілінде облыс аумағында орман өртінің 72 оқиғасы, дала өртінің 5, құрғақ шөп жануының 66 оқиғасы тіркелді. Өткен жылмен салыстырғанда орман өртінің саны биыл 44 оқиғаға, орман өрті 5 есеге, құрғақ шөптің жануы 60 пайызға көбейді. Өткен аптада Бурабай, Зеренді, Сандықтау, Біржан сал, Ерейментау және Ақкөл аудандарында 12 орман өрті тіркелді. 119 рейдтік шара өткізіліп, өртке қарсы талаптарды бұзғандар 3 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тұрғындарды ақпараттандыру және оқыту мақсатында департамент атқарушы органдармен бірге БАҚ-да ауқымды жұмыс жүйелі түрде жүргізіледі. Өткен аптада ақпараттық және алдын алуға арналған 90 материал берілді. Өрт қаупі бар маусымнан бері БАҚ-да ақпараттық және алдын алуға арналған 1542 материал жарық көрді. Осы мезгілде елді мекендерде 1141 адамы бар 208 ерікті өртке қарсы құрылым дайындалды. Олар өрт сөндіру техникаларымен, өрт сөндіруге жарайтын техникаларымен, өрт мотопомпаларымен және өзге де өртке қарсы инвентарлармен жабдықталған. Орман өртін уақытында табу шарасының бірі – орманды аспан мен жерден патрульдеу. Өрт қаупі бар маусымда Ақкөл, Зеренді және Бурабай аудандарында «Казавиалесоохрана» акционерлік қоғамының бес аудан аумағындағы орман алқабын әуеден бақылайтын 3 авиатобы орналасқан. Облыс аумағында жерден патрульдеу үшін құрамында 198 адамы бар 56 жедел топ құрылды. Оның қатарында тиісті басқарма мен ведостволардың қызметкерлері бар. Олар орман және дала алқаптары тәрізді қала сыртындағы азаматтардың демалыс орнына рейдтік шара жүргізіп, облыс аумағындағы өрт қаупі бар мезгілде өрт қауіпсіздігі нормасы мен ережесінің сақталуын талап етеді. 2021 жылдың өткен өрт қаупі бар маусымында аталмыш жедел топтар 975 рейдтік шара жүргізді. Талаптарды бұзған 128 тұлға жауапкершілікке тартылып, 446 мың 302 теңге айыппұл төледі,–деген азаматтық қорғау полковнигі облыстағы ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары мен тұрғындарын өрт қауіпсіздігі ережесін орындауға және сақтауға шақырды. Брифинг соңында тілшілер сауалдарына нақты жауап берді.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар