Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тергеуші қызметінің қыр-сырына қанық - АРҚА АЖАРЫ

Тергеуші қызметінің қыр-сырына қанық

Сандықтау аудандық полициясының тергеу бөлімінің тергеушісі, полиция капитаны Әділ Сейсембаев біраздан бері құқық саласында еңбек етіп келеді. Ол 1994 жылы 3 қыркүйекте Біржан сал ауданында (бұрынғы Көкшетау облысы Уәлиханов ауданы Қойтас ауылында) дүниеге келген. 2000 жылы отбасы Макинск қаласына көшіп келіп, бір жылдан кейін Әділ осындағы №5 орта мектептің табалдырығын аттайды. Мектепті бітіргеннен кейін 2012 жылдан бастап, бар саналы өмірін полициямен байланыстырды. Өйткені, мектеп қабырғасында жүргенде-ақ, полиция туралы фильмдер көріп, полиция формасына қызығып, құқық қорғау саласында еңбек етуді армандаған болатын.

Сөйтіп, ол Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы академиясына оқуға түседі. Ведомстволық жоғары оқу орнын бітірген соң, 2016 жыл Сандықтау аудандық полиция бөлімінде тергеуші болып еңбек жолын жалғастырады.
Бүгінде Әділ Қадырбайұлы өз ісіне жауапты, әріптестері арасында құрметке ие қызметкер.
– Тергеушінің жұмысы қызықты да қиындығы мол. Бір істі алсаң, оны тексеру үшін көп уақытты қажет етеді. Әрбір қылмыстық іс өзінше күрделі. Адамның кінәсін немесе кінәсіздігін дәлелдеу процесінде қиындықтар туындайды, – деген полиция капитаны Әділ Қадырбайұлының айтуынша, ол бұл мамандықты таңдағанына еш өкінбейді. Тергеушінің жан-жақты дамуы керек екенін, әртүрлі қылмыстарды ашуда олардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі барын жақсы түсінеді. Қылмыстық істермен жұмыс істеу кезінде көптеген құжаттарды, нормативтік-құқықтық актілерді зерттеу қажет. Сондықтан болар ол қашанда жауапкершілік пен мұқияттылықты, қылмыстық құқық-бұзушылық жасады деп күдіктенген адамдардың тағдыры өзінің ісіне тікелей байланысты екенін жақсы сезінеді. Тергеушінің жұмысы табандылық пен шыдамдылықты қажет ететіні тәртіп сақшысының түйінді ойларынан аңғарылып тұр.
Мәселен, 2021 жылдың өткен кезеңінде Әділ Қадырбайұлының жүргізуінде әртүрлі санаттағы 20-дан астам қылмыстық іс қаралған екен. Жас тергеуші Әділ Қадырбайұлы ағымдағы жылдың 15 ақпанындағы Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 337-бабы 1-бөлігі «Заңсыз аңшылық» бойынша қозғалған өзі жүргізген қылмыстық іс туралы әңгімелеп берді. Оның айтуынша, Заңсыз аң аулау нәтижесінде Балкашино ауылынан 5 шақырым жерде «Балкашино-Шаңтөбе» бағытындағы автожолда екі бұлан атылған. Оқиға орнын тексеру кезінде жедел-тергеу тобы қатысушыларының үйлесімді жұмысы нәтижесінде екі патронның гильзасы мен екі жануардың денесі табылады. Қылмыстық іс ірі залал келтіре отырып заңсыз аң аулау бойынша 337-баптың 4-бөлігіне сай қозғалады. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, сондай-ақ оқиға орнынан алынған оқтар мен гильзаларға сараптама және зерттеу жүргізу арқылы Балкашино ауылы тұрғынының осы қылмысты жасауға қатыстылығы да анықталған. Қазір қылмыстық іс сотқа жолданып, шешім қабылдау күтілуде, – деген ойымен бөлісті ол. Ал, қорықшы Евгений Чемезов болса, қоғамдық пікір тудырған қылмысты ашқаны үшін полиция қызметкерлеріне алғысын білдіреді. Нәтижесінде, Заңсыз аң аулаудың кесірінен мемлекетке 4 миллион теңгеден астам сомаға залал келтірілгені анықталған.
Міне, осындай күрделі қылмыстарды ашуда өзінің кәсіби ісіне жауапкершілікпен қарайтын, үнемі уақытпен санаспай жұмыс істейтін тергеуші, полиция капитаны Әділ Сейсембаев әріптестері арасында құрмет пен беделге ие.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар